Page 41 - Академикалы? саясат РУС.
P. 41
1 миллионнан астам оқушының цифрлық білім беру ресурстарына
қолжетімділігін шектейді. Сонымен қатар, қалаларда аз қамтылған отбасылар
мен егде жастағы тұрғындардың цифрлық қызметтерді пайдаланудағы
шектеулері де байқалуда.
Мемлекет бұл теңсіздікті азайту мақсатында 2023–2029 жылдарға
арналған цифрлық даму тұжырымдамасы аясында бірқатар нақты жобаларды
іске асыруда. Солардың бірі – KazSat спутниктік технологияларын қолдану
арқылы шалғай ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз
ету жобасы. Аталған жоба аясында 176 ауылдық елді мекенде Wi-Fi Hotspot
шешімі енгізіліп, 17 мыңнан астам тұрғын жоғары жылдамдықты интернетпен
қамтылды. Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту мақсатында Қазақстанның
ғарыш саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде 328 ауылды интернетпен
қамту бойынша міндеттер қойылған. Осы бағытта «Көктерек» жерүсті кешені
аумағында OneWeb геостационарлық емес байланыс желісін қосу станциясын
салу жұмыстары аяқталуда. Коммерциялық қызметтерді ұсыну 2024 жылға
жоспарланған. Сонымен қатар, ғаламдық бақылау және мониторинг әлеуетін
арттыру мақсатында орташа ажыратымдылықтағы Жерді қашықтан зондтау
(ЖҚЗ) спутниктері жобасы іске қосылды. Бұл жоба агроөнеркәсіптік кешенді
басқару, табиғи ресурстар мониторингі және төтенше жағдайларды бақылау
секілді міндеттерді шешуге бағытталған. KazEOSat-2 ЖҚЗ аппаратының орнына
келетін бұл жаңа топтама елдің цифрлық деректермен қамтамасыз етілу сапасын
едәуір арттырады [4, б.3].
Аталған шаралар тек білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сонымен
қатар цифрлық инфрақұрылым мен қызметтердің тең қолжетімділігін
қамтамасыз етуге, яғни смарт-қала элементтерін әділетті енгізуге бағытталған
маңызды алғышарттар болып табылады.
2. Координация және институционалдық кедергілер. Smart City жобаларын
табысты іске асыру үшін жергілікті және орталық билік органдары, жеке сектор
және инфрақұрылым операторлары арасында үйлесімді өзара әрекет қажет.
Алайда іс жүзінде "силостық басқару тәсілі" сақталып отыр – әрбір ведомство өз
бағыты бойынша жобаларды оқшау жүзеге асырады, бұл интеграция процесін
айтарлықтай қиындатады. Мысал, бейнебақылау камераларын әртүрлі
құрылымдар (полиция, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, құрылыс ұйымдары)
орнатады, алайда олардың деректері бірыңғай орталықтандырылған жүйеге
біріктірілмеген. Үкімет осыны шешу үшін арнайы жұмыс топтарын құрды;
бірқатар қалаларда цифрландыруға жауапты әкім орынбасарлары тағайындалды
[4, б. 5]. Дегенмен институционалдық қарсылық сақталуда – инновациялар
бұрынғы тәжірибелер мен құрылымдарды қайта қарауды талап етеді, бұл
жергілікті деңгейдегі шенеуніктер тарапынан қарсылыққа немесе
түсінбеушілікке әкеледі. Жобалардың қайталануы және фрагментациясы –
өңірлер ұқсас жобаларды әртүрлі платформаларда параллель түрде әзірлеуде.
Осыған орай, мынадай ұсыныс жасалады, үкімет Smart City стандарттары
негізінде орталықтандырылған әдістемелік басшылықты нығайтып, қалалар
арасында үздік тәжірибелермен алмасу жүйесін жүйелеуі тиіс.
3. Кадр тапшылығы. Ақылды қалаларға арналған жобаларды сапалы түрде
41

