Page 39 - Академикалы? саясат РУС.
P. 39

Бұл  тәсіл  озық  халықаралық  тәжірибелерге  сәйкес  келеді:  адамға
                  бағдарлану, нәтижеге бағытталған KPI жүйесін қолдану, цифрлық сервистерге
                  басымдық  беру  –  осының  барлығы  Smart  City-дің  жаһандық  қағидаттарымен
                  үндеседі.
                        Қазақстандағы         қалалық        инфрақұрылымды             дамытудың          басым
                  бағыттарының бірі – ақылды қалалар тұжырымдамасын енгізу және іске асыру
                  болып  табылады.  Бұл  үдеріс  түрлі  басқару  модельдерін  енгізуді,  сондай-ақ
                  олардың тиімді үйлестірілуі мен қолданылуын талап етеді. Ақылды қалаларды
                  басқару жүйелері негізінен екі негізгі модельге жіктеледі: орталықтандырылған,
                  аралас  басқару  модельдері.  Әрбір  модельдің  өзіндік  артықшылықтары  мен
                  құрылымдық  ерекшеліктері  бар.  Аталған  басқару  тәсілдерінің  таңдалуы  мен
                  жүзеге  асырылу  деңгейі  қаланың  әлеуметтік-экономикалық  әлеуеті  мен
                  инфрақұрылымының даму қарқынына тікелей ықпал етеді [84].
                        Ақылды қалаларды басқару модельдері (6-кесте):
                        1. Орталықтандырылған  басқару  моделі  –  барлық  шешімдер  қабылдау,
                  жобаларды жоспарлау және іске асыру тетіктері тікелей мемлекеттік органдар
                  мен жергілікті әкімдіктердің құзырында болатын басқару жүйесі. Бұл модельде
                  қала инфрақұрылымын цифрландыру, қауіпсіздік жүйелері, көлік, коммуналдық
                  қызметтер  сияқты  салалар  бір  орталықтан  үйлестіріліп,  бақылау  толығымен
                  мемлекет қолында болады [84, б 49; 85, 86, б. 65]. Мысалы:

                          Астана  (Smart  Astana)  –  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасы  аясында
                  қала әкімдігі барлық смарт жүйелерді (бейнебақылау, e-KSK, e-Parking, e-Polis)
                  толық өз бақылауында жүзеге асыруда.
                          Пекин (Smart Beijing) – қала әкімшілігі цифрлық көлік, қауіпсіздік және
                  экологиялық мониторинг жүйелерін толықтай өзі басқарады.
                        2. Аралас  басқару  моделі  (Mixed  Governance  Model)  –  қаладағы  смарт
                  жобаларды  жүзеге  асыруда  мемлекеттік  органдар  мен  жеке  сектордың
                  (жекеменшік  компаниялар,  ІТ-компаниялар,  инвесторлар)  бірлесіп  жұмыс
                  істеуін көздейтін басқару жүйесі. Бұл модельде мемлекет жалпы стратегия мен
                  нормативтік  базаны  дайындап,  ал  жекеменшік  ұйымдар  технологиялық
                  шешімдер  мен  қаржыландыруды  қамтамасыз  етеді.  Жобалар  мемлекеттік-
                  жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында іске асады [84, б. 49; 85, 86, б. 65; 87].
                  Мысалы:
                          Алматы  (Smart  Almaty)  –  қаладағы  бейнебақылау,  ақылды  аялдамалар,
                  көше жарығы жобалары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асуда.
                          Дубай (Smart Dubai) – Дубай үкіметі мен халықаралық ІТ-компаниялар
                  (IBM, Cisco, Huawei) бірігіп, смарт қызметтер жүйесін енгізіп отыр.









                                                                39
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44