Page 42 - Академикалы? саясат РУС.
P. 42
іске асыру және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті
білікті кадрлардың жетіспеушілігі өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Мемлекеттік басқару жүйесінде ақпараттық технологиялар саласындағы
мамандар, деректерді талдау бойынша сарапшылар, сондай-ақ инновациялық
жобаларды басқару дағдылары бар менеджерлер жетіспейді.
Мемлекеттік қызмет пен жеке сектор арасындағы кадрлық бәсекелестік
жоғары: кәсіби мамандарды тарту және оларды мемлекеттік секторда ұстап қалу
едәуір күрделі. Бұған қоса, урбанистика, деректерді талдау және қалалық
технологияларды басқару бағыттарында жаңа буын кадрларын даярлау өзекті
міндетке айналуда. Қазіргі кезеңде кейбір smart-жобалардың білікті кадрлардың
тапшылығына байланысты ілгерілемей қалуы да кездесуде.
4. Қаржыландыру және жобалардың ұзақмерзімді тұрақтылығы.
Декларативті саяси қолдауға қарамастан, көптеген ауқымды жаңғырту
жобаларына бюджеттік ресурстардың жеткіліксіздігі жобалардың кең ауқымды
іске асырылуына кедергі келтіруде. Бұл ретте, мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік (МЖӘ) және инвестор тарту – тиімді шешімдердің бірі болып
танылып отыр. Алайда әлеуметтік бағыттағы немесе баяу табыс әкелетін
жобалар үшін бизнес тарапынан қызығушылық төмен болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда пилоттық жобаларды ауқымдандыру, сондай-ақ
техникалық қызмет көрсету мен жаңғырту процестерін тиімді қамтамасыз ету
айтарлықтай күрделі мәселеге айналады. Сонымен қатар, көптеген smart-
шешімдердің экономикалық тиімділігі бастапқы кезеңде бірден байқалмауы
мүмкін. Бұл өз кезегінде басқарушы органдардан стратегиялық сабырлықты,
кезең-кезеңімен жоспарлауды және жүйелі көзқарасты талап етеді. Осыны
ескере отырып, үкімет келесі бағыттар бойынша шаралар қабылдауы тиіс:
кеңжолақты байланыс, дата-орталықтар, киберқауіпсіздік жүйелері секілді
инфрақұрылымдық негіздерге ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету;
сондай-ақ өзін-өзі ақтайтын немесе жанама экономикалық тиімділік әкелетін
бизнес-модельдерді (мысалы, энергия үнемдеуден түскен қаражат есебінен
инвестицияны қайтару) әзірлеу.
5. Деректер қауіпсіздігі және нормативтік-құқықтық реттеу. Ақылды
қалаларды дамыту барысында киберқауіпсіздік, азаматтардың жеке деректерінің
қорғалуы, және деректердің құқықтық мәртебесі сияқты мәселелер ерекше
маңызға ие бола бастады. Мысалы, смарт-датчиктер жинайтын деректердің
меншік құқығы; оларды өңдеу және сақтау тәртібі; бұлттық технологиялар мен
жасанды интеллекттің этикалық қолданылуы.
Қазіргі таңда бұл салада кейбір нормативтік негіздер (мысалы, «Дербес
деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы [85],
қауіпсіздік стандарттары) қабылданғанымен, smart city тұжырымдамасын
толықтай қамтитын кешенді құқықтық актілер жүйесі әлі қалыптасқан жоқ.
Сонымен қатар, саланың дамуына байланысты жаңа қауіптер де пайда болуда,
олардың қатарына қалалық инфрақұрылымға бағытталған кибершабуылдар, бет-
әлпетті тану және биометриялық технологияларды қолданудағы этикалық
шектеулер жатады. Осыған байланысты мынадай ұсыныстар туындайды:
мемлекет қолданыстағы құқықтық шеңберді жаңартып, жаңа цифрлық
42

