Page 36 - Академикалы? саясат РУС.
P. 36
Тағы бір стратегиялық жоба – «Digital Twin» цифрлық егіз технологиясы
негізінде қаланың цифрлық инфрақұрылымын құру. Бұл жоба аясында
геоақпараттық портал әзірленіп, қаладағы инженерлік инфрақұрылым толықтай
цифрландырылды.
Астана әкімдігінің 2014 жылғы мәліметтері бойынша 16 000 км-ден астам
желі және 801 шаршы км жер телімі 3 см дәлдікпен сандық картаға түсірілген,
қаланың толық 3D-моделі құрылған. Бұл шешім аумақтық даму, инженерлік
желілерді бақылау және құрылысты жоспарлау сияқты міндеттерді нақты
деректерге негізделген шешім қабылдау арқылы оңтайландыруға мүмкіндік
береді [78].
Қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласында Астанада «Сергек» жобасы
іске қосылған. Бұл – жолдар мен тұрғын аймақтарда орналасқан интеллектуалды
бейнебақылау камераларының желісі, ол полицияның ситуациялық
орталығымен толықтай интеграцияланған. ҚР ІІМ деректері бойынша, Smart
CCTV жүйесі қауіпті жол тораптарындағы апаттардың санын ондаған пайызға
азайтып, уақытылы әрекет етуге мүмкіндік берген. Қалалық қызметтер
саласында Астана ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып «109 –
iKOMEK» біріңғай қалалық байланыс орталығын іске қосты. Бұл қызмет арқылы
азаматтар телефон, сайт немесе мобильді қосымша арқылы өтініштерін жіберіп,
олардың орындалу барысын қадағалай алады. Мұндай шешім коммуналдық
және жедел қызметтердің әрекет ету уақытын қысқартып, қоғам сенімін
арттырды [79].
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларында Астана да көшбасшылық
ұстанымда, барлық мектептер мен медициналық ұйымдар жоғары жылдамдықты
интернетке қосылған. Медициналық мекемелерде электрондық медициналық
карталар мен телемедициналық қызметтер енгізілген. Мектептерде электрондық
күнделік, кіріп-шығуды бақылау жүйесі қолданылады.
Мысалы, №15 емханада QR-білезіктерді пайдалану тәжірибесі бар: «Smart
Astana» қосымшасы арқылы дәрігер QR-кодты сканерлеу арқылы пациент
туралы деректерге қол жеткізе алады, ал сенімді тұлға дереу хабарлама алады.
Бұл тәжірибелер IoT технологиялары мен мобильді қосымшалардың әлеуметтік
саладағы жоғары тиімділігін айғақтайды.
Жалпы алғанда, Астана қалалық инфрақұрылым мен қызметтердің
цифрлану деңгейі жоғары «ақылды қала» ретінде қалыптасуда. Бұл факт
халықаралық Smart City Index рейтингінде Астананың орын алуынан да көрініс
табады (дегенмен, әзірге төменгі позицияларында). 2018 жылы қаланың
халықаралық KPI көрсеткіштері бойынша бағалануы оның «Smart Sustainable
City» стандарттарына сәйкес дамуы үшін қандай бағыттарда ілгерілеу қажеттігін
айқындауға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе ғылыми негізделген мемлекеттік
реттеу саясатын жетілдіруге және басқа қалалар үшін үлгі қалыптастыруға ықпал
етуде [80].
Алматы қаласы. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі – смарт-қалалық
шешімдерді белсенді енгізіп жатқан орталықтардың бірі. Дегенмен, бұл
процестің бағыты өзекті қалалық проблемаларды (көлік, экология, қауіпсіздік)
шешуге және инновациялық экожүйені дамытуға шоғырланған.
36

