Page 40 - Академикалы? саясат РУС.
P. 40

Кесте 5 – Ақылды қалаларды басқару модельдерінің салыстырмалы талдауы

                   №  Басқару            Ерекшеліктері        Артықшылықтары           Кемшіліктері      Мысал
                        моделі
                   1    Орталық-       Барлық шешімдер  Бірізділік,        тұрақты  Икемсіздік,         Астана
                        тандырылған  мен          басқару  бақылау,  стратегияны  тұрғындар  мен  (Smart
                                       мемлекеттік          толық орындау             бизнестің     аз  Astana)
                                       органдар қолында                               қатысуы
                   2    Аралас         Мемлекет       пен  Инновациялық               Жобаларды         Алматы
                                       жеке        сектор  шешімдер,                  келісу  күрделі,  (Smart
                                       бірлесіп  басқару,  қаржыландырудың            мүдделер          Almaty)
                                       жобаларды  МЖӘ  көп                 арнасы,  қайшылығы
                                       арқылы         іске  технологиялық             болуы мүмкін
                                       асыру                әріптестік
                         Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [84, б. 49; 85, 86, б. 65; 87]

                        Қазақстандағы  ақылды  қалаларды  дамыту  үдерісінде  басқарудың  түрлі
                  модельдерін  қолдану  тәжірибесі  қалыптасып  келеді.  Зерттеу  нәтижесінде
                  орталықтандырылған,  аралас  басқару  модельдерінің  әрқайсысының  өзіне  тән
                  ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар екені анықталды.
                        Орталықтандырылған  басқару  моделі  мемлекеттің  бақылауында  жүзеге
                  асатындықтан, тұрақты әрі бірізді басқаруды қамтамасыз ете алады. Алайда, бұл
                  модельдің тұрғындар мен бизнес өкілдерінің белсенділігін шектеуі — оның әлсіз
                  тұсы.
                        Аралас басқару моделі инновациялық шешімдер енгізу мен қаржыландыру
                  көздерін  әртараптандыруға  мүмкіндік  береді.  Мемлекеттік  және  жекеменшік
                  әріптестіктің  үйлесімі  қала  инфрақұрылымын  тиімді  дамытуға  ықпал  етеді.
                  Дегенмен, жобаларды келісу мен мүдделер тепе-теңдігін сақтау күрделі процесс
                  болып табылады.
                        Қорытындылай  келе,  Қазақстан  жағдайында  аралас  басқару  моделі  —  ең
                  тиімді  әрі  болашағы  бар  тәсіл  ретінде  қарастырылады.  Себебі  ол
                  орталықтандырылған  бақылау  мен  жеке  сектордың  мүмкіндіктерін  біріктіріп,
                  қала инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай дамытуға жағдай жасайды.
                        Әлемдік тәжірибені ескере отырып, қоғамдық қатысуды күшейту мен ашық
                  деректер  платформаларын  дамыту  еліміздегі  ақылды  қалалар  жүйесін
                  жетілдірудің маңызды тетігі болмақ.
                         Сонымен  қатар,  іс  жүзіндегі  жүзеге  асыру  барысында  бірқатар  жүйелі
                  түйткілдер мен сын-қатерлер туындап отыр, олардың ішінде келесілер ерекше
                  назар аударады:
                         1.  Цифрлық  теңсіздік.  Қазақстанда  цифрлық  трансформацияны
                  қамтамасыз  ету  және  смарт-қалалар  моделін  енгізу  процесінде  цифрлық
                  теңсіздік – өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселе болып отыр. Елдегі байланыс

                  инфрақұрылымының салыстырмалы түрде жоғары даму деңгейіне қарамастан,
                  қалалық және ауылдық аумақтар, сондай-ақ қалалардың орталық және шеткері

                  аудандары арасында айтарлықтай алшақтық сақталуда. Мәселен, елдің ауылдық
                  өңірлеріндегі 3000-нан астам мектеп әлі күнге дейін интернетке қосылмаған, бұл


                                                                40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45