Page 43 - Академикалы? саясат РУС.
P. 43

шындықтарға сәйкес кешенді заңнамалық базаны қалыптастыруы тиіс. Сонымен
                  қатар, қоғамның сенімін сақтау мақсатында қалаларға арналған цифрлық этика
                  кодекстері сияқты soft law (жұмсақ құқықтық) құралдарын енгізу маңызды.
                        Қорыта  келе,  Қазақстан  ақылды  қалаларды  дамытуға  қажетті  бастапқы
                  базалық  іргетасты  қалады:  саяси  ерік,  стратегиялық  бағдарламалар,  алғашқы
                  модельдік  жобалар  бар.  Астана  –  технологиялық  серпілістің  үлгісі  болса,
                  Алматы – адами капитал мен кәсіпкерлікті жұмылдыру, ал Шымкент – кеңістікті
                  жаңадан жобалау және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы пилоттық аймақ
                  ретінде ерекшеленеді. Бұл үш қала әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, Smart City
                  бірыңғай  тұжырымдамасы  аясында  кешенді  дамуда.  Алайда,  бөлшектенген
                  бастамалардан  толыққанды  ұлттық  Smart  City  желісіне  көшу  үшін,  жоғарыда
                  сипатталған институционалдық, қаржылық және құқықтық мәселелерді жүйелі
                  түрде шешу қажет.

                        1.3  Ақылды  қалаларды  мемлекеттік  реттеудің  халықаралық
                  тәжірибесі және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу механизмдері

                        Бүгінгі таңда әлемнің көптеген мемлекеттері мен қалалары «ақылды қала»
                  (Smart City) тұжырымдамасына негізделген стратегияларды кең ауқымда жүзеге
                  асыруда.  Аталған  тәжірибе  Қазақстан  үшін  ерекше  ғылыми-тәжірибелік
                  қызығушылық  тудырады,  себебі  ол  цифрлық  трансформацияны  орнықты
                  дамумен  байланыстыру  мәселесінде  айқын  бағдар  бола  алады.  Халықаралық
                  тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақылды қалаларды тиімді дамыту үшін мемлекет

                  белсенді  рөл  атқаруы  тиіс,  бұл  үдеріс  бизнестің  және  азаматтық  қоғамның
                  кеңінен  қатысуымен  қатар  жүруі  қажет.  Урбанизация,  климаттың  өзгеруі,

                  ресурстардың  сарқылуы  сияқты  жаһандық  сын-қатерлер  елдерді  ортақ
                  шешімдерді  іздеуге  және  қалаларды  дамытуға  бағытталған  жаңа  тәсілдерді
                  қалыптастыруға итермеледі. ХХ ғасырдың соңында және ХХІ ғасырдың басында
                  дәстүрлі урбанизация модельдері көп жағдайда тұрақты болашақты қамтамасыз
                  ете алмайтыны айқын болды [87].
                        Осыған байланысты мемлекеттер әлеуметтік, мәдени және экономикалық
                  салаларда  өзара  іс-қимылды  күшейте  отырып,  тұрақты  қалалық  дамуға
                  бағытталған  халықаралық  институттар,  келісімдер  мен  хаттамалар  жүйесін
                  қалыптастыра  бастады.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың
                  (АКТ)  кеңінен  таралуы  бұл  бағыттағы  үйлестірілген  әрекеттерге  жаңа  серпін
                  беріп,  әлем  қалалары  цифрландыру  ықпалымен  трансформациялану  үдерісіне
                  түсті.
                        Қалалардың  болашағын  тұрақтандыру,  урбанизацияның  жағымсыз
                  салдарын азайту және даму сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында көптеген
                  елдер  қалаларды  тұрақты  әрі  зияткерлік  модельге  көшіру  жолдарын
                  қарастыруда. Шетелдік ғылыми әдебиеттерде ақылды және тұрақты қалаларға
                  қатысты  кең  көлемді  теориялық  және  қолданбалы  база  қалыптасқан.
                  Халықаралық зерттеулер бұл мәселені технологиялық инновациялардан бастап,
                  мемлекеттік  саясат  пен  азаматтардың  белсенді  қатысуы  сияқты  кең  ауқымды
                  аспектілерде  қарастырады.  Мысалы,  Kutty  және  авторлық  ұжымының

                                                                43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48