Page 37 - Академикалы? саясат РУС.
P. 37
2020 жылы қабылданған «Smart Almaty 2020–2025» стратегиясы цифрлық
технологиялардың қаланың стратегиялық мақсаттарына жетудегі рөлін жүйелі
түрде анықтайды. Стратегияның басты мақсаты – Алматыны жайлы әрі тұрақты
қалаға айналдыру, бұл үшін инфрақұрылымды кешенді дамыту және барлық
мүдделі тараптарды (мемлекет, бизнес, ғылым, азаматтар) жұмылдыру көзделеді
[81].
Стратегияда жергілікті деңгейде «халық үніне құлақ асатын» қағидаты
бекітіліп, цифрлық құралдар арқылы халықпен тиімді кері байланыс орнату және
басқару ашықтығын арттыру міндеттеледі. Осы бағыттағы табысты
мысалдардың бірі – «Open Almaty» онлайн-платформасы, оның көмегімен
азаматтар қалалық мәселелер бойынша шағымдарын тікелей жолдап, олардың
шешілу барысын онлайн бақылай алады. Цифрлық трансформацияға бизнесті
тарту мақсатында «Almaty Hub» технопаркі және Smart Point секілді бастамалар
жүзеге асырылып отыр. Стратегияда Smart City тұжырымдамасының түпкі
мақсаты ретінде – тұрақты даму мен қала тұрғындары мен қонақтары үшін өмір
сапасын жақсарту белгіленген. Негізгі бағыттар:
- ақылды мобильділік: интеллектуалды бағдаршамдар, «ОҢАЙ» бірыңғай
төлем жүйесі;
- қауіпсіздік: «Сергек» бейнебақылау жүйесі;
- экология: AirKZ ауа сапасын бақылау датчиктері;
- қалалық басқару: қызметтерді электрондық форматқа көшіру, ашық
деректер саясатын ілгерілету.
«Smart Quartal» жобасы – Алматыдағы бір ауданның цифрлық
инфрақұрылыммен кешенді жарақтандырылуы (камералар, жарықтандыру
датчиктері, смарт-есептегіштер және т.б.). Бұл жоба кейін басқа аудандарға
бейімделіп, таратыла бастады. Алматы кадрлық әлеуетті дамытуға да ерекше
назар аударып отыр: ІТ бағытындағы білім беру бағдарламалары енгізілді, ЖОО-
лармен бірлескен құзыреттілік орталықтары құрылды (мысалы, урбанистика
орталығы). Стратегияда мемлекет-бизнес-ғылым-азаматтар қатысуымен
инновацияның төртінші спиралін құру мақсаты қойылған [82].
Қазіргі уақытта Алматыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ)
негізінде жүзеге асырылған бірқатар жобалар жұмыс істейді: велосипедті жалға
беру жүйесі, смарт-тұрақтар, қалалық қызметтерге арналған мобильді
қосымшалар – олардың барлығы жеке компаниялардың әкімдікпен серіктестігі
арқылы жүзеге асырылған.
Жалпы алғанда, ақылды қаланы дамыту үдерісінде бірқатар өзекті мәселелер
мен қиындықтар байқалады. Алматы қаласының мысалында қарастырар болсақ, ең
алдымен, көлік кептелісінің артуы айқын сезілуде. Қаладағы автокөлік санының
тұрақты өсуі интеллектуалды көлік жүйелерін (ITS) жедел енгізуді талап етеді.
Екіншіден, ауаның ластану деңгейі жоғары – бұл мәселе электр көлігін кеңінен
енгізу, жасыл технологияларды (green tech) дамыту және экологиялық мониторинг
жүйелерін жетілдіру секілді кешенді шешімдерді қажет етеді. Сонымен қатар,
қалалық цифрлық теңсіздік мәселесі де өзекті: орталық пен шеткері аудандар
арасындағы цифрлық инфрақұрылым мен қызметтерге қолжетімділіктің
алшақтығы әлі де сақталып отыр. Соған қарамастан, Алматы қаласы өзінің
37

