Page 34 - Академикалы? саясат РУС.
P. 34

енгізу,  сондай-ақ  бірқатар  пилоттық  қалаларда  смарт-жобаларды  іске  асыру
                  қарастырылған.
                        Бағдарлама шеңберінде ақылды қалаларды дамыту негізгі индикаторлардың
                  бірі ретінде белгіленіп, пилоттық қалалар ретінде Қазақстанның бес ірі қаласы
                  анықталды: Smart Astana (Астана), Smart Almaty, Smart Karaganda, Smart Ontustik
                  (Шымкент) және Smart Aktobe. Бұл таңдау географиялық  және экономикалық
                  тұрғыда  стратегиялық  орталықтарды  қамтып,  кейіннен  тиімді  тәжірибені
                  республиканың өзге өңірлеріне таратуға негіз болуға тиіс.
                        2018  жылы  аталған  бағдарлама  негізінде  «Smart  City»  үлгілік  моделі
                  әзірленді. Бұл модель Қытай және Оңтүстік Кореяның озық тәжірибелерін ескере
                  отырып, заманауи технологияларды енгізуді көздеді. Модельдің негізгі мақсаты
                  – қалалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрғындардың әл-
                  ауқатын цифрландыру арқылы қамтамасыз ету.
                        Ақылды қалаларға ортақ тәсілді қалыптастыру мақсатында ұлттық деңгейде
                  бірқатар  стандарттар  мен  әдістемелік  нұсқаулықтар  қабылданды.  2019  жылы
                  «Қазақстан  Республикасының  Smart  City  эталондық  стандарты»  бекітіліп,
                  ақылды       қалаларды       жобалау       мен     енгізудің     біріздендірілген       негізін
                  қалыптастырды  [73,  б.4].  Бұл  стандартта  қалалық  өмірдің басым  алты  саласы
                  айқындалды:
                        -  қоғамдық қауіпсіздік;
                        -  көлік;
                        -  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
                        -  білім беру;

                        -  денсаулық сақтау;
                        -  қалалық басқару.

                        Аталған алты бағыт – Smart City тұжырымдамасының негізгі компоненттері
                  ретінде қарастырылып, проектілерді жоспарлау мен бағалау негізіне айналды.
                  Стандартта смарт-шешімдерді іске асыруға арналған әдістемелік ұсынымдар мен
                  негізгі  тиімділік  көрсеткіштері  (KPI)  енгізілді.  Бұл  өз  кезегінде  қалалардың
                  цифрландыру  деңгейін  салыстырмалы  түрде  бағалауға  мүмкіндік  береді.
                  Сонымен  қатар,  IoT,  жасанды  интеллект  және  басқа  да  заманауи
                  технологиялардың  қолданылуын  қамтамасыз  ететін  нақты  қағидаттар  мен
                  мақсаттар тұжырымдалды. Аймақтардың смарт-инфрақұрылымға дайындығын
                  бағалауға  мүмкіндік  беретін  жүйе  енгізілді.  Бұл  жүйе  қалалар  арасындағы
                  салыстырмалы талдау мен халықаралық деңгейдегі бенчмаркинг жүргізу үшін
                  маңызды құрал болып табылады.
                        Қазақстандағы нормативтік-құқықтық база тек жалпыұлттық деңгейде ғана
                  емес,  сондай-ақ  салалық  құжаттар  арқылы  да  толықтырылады.  Мәселен,
                  «ақылды»  объектілерге  қатысты  (интеллектуалды  көлік  жүйелері,  «Қауіпсіз
                  қала»  және  т.б.)  арнайы  стандарттар  әзірленген.  Сонымен  бірге,  кейбір
                  аспектілер  «Ақпараттандыру  туралы»,  «Байланыс  туралы»  «заңдар  арқылы
                  реттеледі  [6,  75].  Дегенмен,  «Ақылды  қалалар»  туралы  жеке  заңнамалық  акт
                  әзірге қабылданған жоқ, ал реттеу көбінесе саларалық негізде жүзеге асырылады.
                        Бұдан бөлек, жергілікті нормашығару тәжірибесінің маңызы артып келеді.
                  Мәслихаттардың  шешімдері  мен  әкімдіктердің  бұйрықтары  нақты  смарт-

                                                                34
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39