Page 32 - Академикалы? саясат РУС.
P. 32

жаңғыртып,  инновациялық  мәдениетті  орнықтыруға,  «цифрлық  әдеп»
                  қағидаттарына  негізделген  рәсімдерді  енгізуге,  персоналдың  біліктілігін
                  арттыруға және ведомствоаралық өзара әрекетті нығайтуға міндетті.
                        4.  Технологиялық  тетіктер.  Технологиялық  тетіктерге,  ең  алдымен,
                  техникалық        шешімдерді       стандарттау,       архитектуралық         жобалау      және
                  біріздендірілген  платформаларды  қалыптастыру  кіреді.  Мемлекет  «Заттар
                  интернеті»  (IoT)  құрылғыларының  өзара  үйлесімділігіне  қатысты  техникалық
                  стандарттарды  қабылдап,  «Қауіпсіз  қала»  сияқты  бірыңғай  қалалық
                  платформаларды  іске  қоса  алады.  Сонымен  қатар,  әртүрлі  қалалық  жүйелер
                  арасындағы  байланыс  пен  деректер  алмасуды  қамтамасыз  ету  тетіктерін
                  жетілдіру – ақылды қалалардың тиімділігіне тікелей әсер ететін факторлардың
                  бірі.
                        Технологиялық инфрақұрылым – кеңжолақты интернет желілерінен бастап,
                  5G  технологиялары  мен  деректерді  өңдеу  орталықтарына  дейінгі  кешен  –
                  ақылды  қалалардың  техникалық  негізін  құрайды.  Аталған  инфрақұрылым
                  цифрландыру үдерістерінің орнықты және кең көлемде жүзеге асуына алғышарт
                  болады. Мемлекеттің технологиялық саясаты сондай-ақ ашық деректердің (Open
                  Data)  әзірлеушілерге  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету,  электрондық  үкіметтің
                  ұлттық  шлюздерін  (мысалы,  eGov)  кеңінен  пайдалану  және  ақпараттық
                  жүйелерді  интеграциялау  бағыттарын  қамтиды.  Осы  құралдар  сервистердің
                  үздіксіз жұмысын, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара байланыс
                  тиімділігін,  сондай-ақ  деректерге  негізделген  басқару  жүйесінің  құрылуын
                  қамтамасыз етеді.

                        Бірыңғай  технологиялық  архитектура  жобалардың  фрагменттелуін
                  болдырмайды  және  шешімдердің  масштабталуын  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,

                  Smart  City  референс-моделін  және  KPI-индикаторлар  жиынтығын  қабылдау
                  қалалар  үшін  цифрлық  бастамаларды  жоспарлау  мен  бағалауда  ортақ
                  ұстанымдарды қалыптастырады.
                        Қазақстанда  2019  жылы  «Ақылды  қалалардың  эталондық  стандарты»
                  бекітіліп,  ол  смарт-жобалардың  құрылымын  біріздендіруге  және  ұлттық
                  деңгейде үйлесімділікті арттыруға бағытталды [73].
                        5.  Жеңіл  реттеу  тетіктері  (soft  law).  Жеңіл  реттеу  тетіктері  –  бұл  заңдық
                  міндетті  күші  жоқ,  алайда  қалалардың  цифрлық  дамуына  бағыт  беретін
                  ұсыныстық сипаттағы құжаттар мен бастамалар.  Soft law құралдарына ұлттық
                  және  халықаралық  деңгейде  қабылданатын  хартиялар,  нұсқаулықтар,
                  стандарттар мен шеңберлік келісімдер жатады.
                        Мысалы,  Германияда  «Smart  City  Charter»  –  Ақылды  қалалар  хартиясы
                  қабылданған,  ол  «Ақылды  қалалар  жөніндегі  ұлттық  диалог»  платформасы
                  аясында  әзірленіп,  цифрлық  трансформацияны  тұрақты  даму  қағидаттарына
                  сәйкестендіруді  мақсат  етеді.  Бұл  құжат  заңнамалық  акт  болмаса  да,
                  муниципалитеттер үшін стратегиялық бағдарлама рөлін атқарады. Ол қалаларға
                  цифрландырудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін алдын ала болжауға, қателікке
                  жол  бермеуге,  тұрақты  дамуға  бейімделген  шешімдер  қабылдауға  мүмкіндік
                  береді.
                        Ұқсас soft law құжаттары халықаралық деңгейде де кең таралған.  Оларға

                                                                32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37