Page 33 - Академикалы? саясат РУС.
P. 33
мыналар жатады:
ISO сериялы халықаралық стандарттары (мысалы, ISO 37120, ISO 37122);
БҰҰ–ның (ITU/UNECE) индикаторлары;
G20 Global Smart Cities Alliance аясында ұсынылған «ақылды басқару»
қағидаттары.
Soft law құралдары ресми заңнаманы толықтырып, этикалық нормалар мен
үздік тәжірибелерді жүйелендіруге себеп болады. Мысалы, ашық деректерді
басқару, азаматтардың құқықтарын қорғау, «цифрландыру әдепі» және
«қауіпсіздік әдепі» секілді алдыңғы қатарлы ұстанымдар енгізіледі.
Осындай ұсыныстық құжаттар формальды құқықтық нормалар бекітілмей
тұрып қалалық басқару құрылымдарына ғылыми негізделген бағыттар береді
және қалалардың жаһандық тәжірибеге сай дамуына ықпал етеді.
Осылайша, ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу – күрделі әрі көпқырлы
үдеріс. Ол міндетті талаптар мен ұсынымдық нормаларды, тікелей
қаржыландыру мен жанама ынталандыру тетіктерін, сондай-ақ басқару
институттарын реформалау және технологиялық инфрақұрылымды қолдау
шараларын өзара сабақтастыра отырып жүзеге асыруды талап етеді. Бұл ретте
орталық назарда адам және қоғамдық игілік тұруы тиіс, өйткені Smart City
тұжырымдамасының басты миссиясы – тұрғындардың қажеттіліктерін бірінші
орынға қою. Ал ақылды қаланың табыстылығын бағалаудың негізгі
өлшемшарттары – қалалық ортаның қолайлылығы, қауіпсіздігі, тиімділігі және
экологиялық тұрақтылығы. Мемлекет осы өлшемдердің нақты іске асырылуына,
сондай-ақ енгізілетін инновациялық шешімдердің БҰҰ жариялаған Тұрақты
даму мақсаттарынан ауытқымауына жауапты.
Қазақстанда ақылды қалаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат
тиісті нормативтік-құқықтық база арқылы бекітілген. Бұл бағыттағы негізгі
стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 8
мамырдағы № 204/НҚ бұйрығының «Smart Data Ukimet» пилоттық жобасы, ол
ел экономикасының цифрлық трансформациясын қамтамасыз етуге және
халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты
– цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы экономикалық өсуді
жеделдету және шикізаттық экономикадан деректерге негізделген экономикалық
модельге көшуге жағдай жасау. Бұл тұжырымдаманың мәні – цифрландырудың
нақты пайдасын әрбір азаматтың сезінуін қамтамасыз ету, атап айтқанда:
қызметтерге қол жеткізудің жеңілдеуі, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы,
қалалық ортаның сапасының артуы.
Жоба цифрлық трансформацияны қамтамасыз ететін бес стратегиялық
бағытты қамтиды:
1. Экономиканың секторларын цифрландыру;
2. Цифрлық мемлекетке көшу (электрондық үкімет және смарт-қалалар);
3. Адами капиталды дамыту (цифрлық сауаттылықты арттыру);
4. Стартаптарға арналған инновациялық экожүйені қалыптастыру [74].
Ақылды қалалар осы бағыттардың ішінде екінші басымдық – «Цифрлық
мемлекет» шеңберінде айқындалған. Бұл бөлімде Smart City тұжырымдамасын
33

