Page 31 - Академикалы? саясат РУС.
P. 31

дамытуға  арналған  құқықтық  және  нормативтік  негіздерді  қалыптастыруды
                  көздейді.  Яғни,  цифрлық  инфрақұрылым,  деректер  алмасу,  киберқауіпсіздік,
                  жүйелердің өзара әрекеттесуі сынды бағыттар бойынша құқықтық нормалар мен
                  стандарттарды әзірлеу қажет. Бұған мыналар жатады:
                          ұлттық стратегиялар мен тұжырымдамалар қабылдау;
                          ашық деректерді реттеу;
                          жеке ақпаратты қорғауға қатысты талаптарды белгілеу;
                          интеграциялық архитектура бойынша стандарттарды енгізу.
                        Мұндай құқықтық шеңбер жергілікті билік органдарына smart-шешімдерді
                  заңды  түрде  енгізуге  мүмкіндік  береді.  Қазақстанда  бұл  бағытта  2023-2029
                  жылдарға  арналған  цифрлық  трансформация,  ақпараттық-коммуникациялық
                  технологиялар  саласын  және  киберқауіпсіздікті  дамыту  тұжырымдамасы  мен
                  «Smart City» үлгілік стандарты қабылданған [4, б.8]. Олар ақылды қалалар үшін
                  құқықтық негіз қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.
                         2.  Экономикалық  тетіктер.  Мемлекет  технологияларды  енгізуді
                  қаржыландыру және экономикалық ынталандыру арқылы қолдайды. Бұл ретте:
                          инфрақұрылымдық  жобаларға  бюджеттік  инвестициялар  (мысалы,
                  қалалық мониторинг орталықтары, интеллектуалды көлік жүйелері);
                          инновациялық  стартаптар  мен  шешімдерге  арналған  гранттар  мен
                  субсидиялар;
                          технологиялық компанияларға салықтық жеңілдіктер;
                          мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде жүзеге асырылатын
                  жобалар ерекше маңызға ие.

                        Қазақстан тәжірибесінде Smart City жобалары жеке инвестициялар арқылы
                  МЖӘ тетігімен жүзеге асырылуда. Пилоттық аймақтар мен қалалық зертханалар

                  мемлекеттік       қолдау      арқылы       қаржыландырылып,            халықаралық        үздік
                  практикаларға  негізделуде.  Бұл  экономикалық  құралдар  ресурстарды
                  жұмылдыруға  және  бизнесті  қалалық  инновациялық  экожүйеге  тартуға
                  мүмкіндік береді.
                         3.  Институционалдық  тетіктер.  Бұл  тетік  мемлекеттік  және  жергілікті
                  деңгейдегі  ұйымдық  құрылымдарды  жетілдіру,  координациялық  кеңестерді
                  құру,  салааралық  өзара  іс-қимылды  дамыту,  сондай-ақ  адам  капиталына
                  инвестиция жасау арқылы іске асырылады. Негізгі бағыттар:
                        –  ведомствоаралық жұмыс топтары мен әкімшілк жанындағы цифрландыру
                  кеңестері;
                        –  қалаларда Chief Digital Officer секілді жауапты тұлғаларды тағайындау;
                        –  мемлекеттік  басқарудың  әртүрлі  деңгейлері  арасындағы  үйлестіруді
                  қамтамасыз ету;
                        –  smart city саласына қажетті мамандар даярлау;
                        –  мемлекеттік қызметкерлерге арналған цифрлық құзыреттерді дамыту.
                        Мұндай тетіктер стратегиялық басқару мен іске асыру сапасын қамтамасыз
                  етеді.
                        Алайда,  институционалдық  инерция  –  яғни  жаңашылдықтарға  қарсыласу
                  және  ескі  құрылымдарға  бейімделу  –  реформалар  мен  цифрлық  жобалардың
                  тиімділігін  төмендетуі  мүмкін.  Сондықтан  мемлекет  басқару  институттарын

                                                                31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36