Page 98 - Диссертация
P. 98
Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері су ресурстарын ұтымды басқару
мақсатында заманауи мелиорациялық технологияларды ендіру, су пайдалану
саясатын қайта қарау және халықаралық құқықтық тетіктерді жетілдіру
бағытында үйлестірілген іс-қимылдар жүргізуі қажет.
Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын пайдалану тиімділігі әлемдік
орташа деңгейден төмен, бұл аймақтың су саясатын жетілдіру қажеттігін
көрсетеді. Су қауіпсіздігі мен тұрақты даму мақсаттарына жету үшін тиімді
басқару тетіктерін құру, заңнамалық және институционалдық реформаларды
жүзеге асыру, экожүйені сақтау бойынша ортақ стратегия қалыптастыру қажет.
Өңір мемлекеттері үшін су басқару жүйесінің тиімділігін арттыру – басты
міндеттердің бірі. Бұл үдеріс ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде
келісілген шешімдер қабылдауды талап етеді. Саяси шешімдерді әзірлеу
барысында ғылыми зерттеулерге негізделген әдістер қолданылып,
трансшекаралық өзендер бойынша келісімдер жасау қажет.
Әмудария өзенінің су деңгейінің төмендеуі Сырдария өзеніне де әсер
етіп, бұл Өзбекстан мен Түрікменстанның ирригациялық жүйелеріне қосымша
жүктеме салады. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде де сумен қамтамасыз ету
мәселелері күрделене түсуі мүмкін. Ауғанстанда жоғары технологиялық
инфрақұрылым мен мамандардың жетіспеушілігі Кош-Тепа каналының сапалы
салыну мүмкіндігіне күмән келтіреді. Егер құрылыс сапасыз жүргізілсе, судың
тиімді пайдаланылмауы мен шығындардың көбеюі ықтимал. Осыған
байланысты, Орталық Азия елдері ғылыми мамандарын тарта отырып,
Ауғанстанға техникалық қолдау көрсетуі керек [181, 137 б.].
Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы су ресурстарын басқару
мәселелерін аймақтық немесе екіжақты келісімдер негізінде реттеу үшін
дипломатиялық алаң құру аса маңызды. Бұл процесте 1958 жылы қабылданған
«Кеңес үкіметі мен Ауғанстан арасындағы шекара режимі туралы» келісімді
негіз ретінде қарастыруға болады. Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан
КСРО-ның құқықтық мұрагерлері ретінде бұл келісімге сүйеніп, жаңа
келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қарастыруы керек.
Аймақтық ынтымақтастықтың басты бағыттары: Ортақ су ресурстарын
басқару жүйесін дамыту; Институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Экожүйені қорғау және су ресурстарын тиімді пайдалану; Ғылыми деректерге
негізделген шешімдер қабылдау.
Аймақтағы тұрақты су саясаты сапалы деректер жинау,
инфрақұрылымдық дамуды қолдау және тиімді басқару стратегияларын
енгізуді талап етеді [181, 146 б.].
Орталық Азия елдері ауыл шаруашылығы мен экономиканың
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін су ресурстарын басқару саласында жаңа
технологияларды енгізіп, халықаралық құқықтық негіздерді күшейтуі тиіс.
Болашақта су тапшылығы мәселесі тек өңірлік деңгейде ғана емес,
жаһандық деңгейде де маңызды факторға айналады. Сондықтан
98