Page 94 - Диссертация
P. 94

Зерттеушінің  пікірінше,  Әмудария  өзенінің  су  ресурстарының  азаюы,
                  өңір  халқының  қарқынды  өсімі,  жаһандық  климаттың  өзгеруі  мен
                  Ауғанстанның  су  саясатына  белсенді  қатысуы  –  Орталық  Азиядағы  су
                  қауіпсіздігіне қатысты жаңа геосаяси қауіптер туындатуы ықтимал.
                         Орталық Азия елдеріндегі су қауіпсіздігіне қатысты ғылыми зерттеулер
                  көбінесе  құрылымдық  және  басқару  мәселелерін  шешуге  бағытталған.
                  Өзбекстандық зерттеушілер Кош-Тепа каналының құрылысын ескере отырып,
                  су  ресурстарын  басқарудың  интеграциялық  моделін  қолдануды  ұсынады.  Бұл
                  әдіс  жергілікті  деңгейдегі  су  дағдарысын  шешудің  кешенді  құралы  ретінде
                  қарастырылады.  Нәтижесінде,  аймақ  елдері  арасында  су  саласындағы
                  ынтымақтастықты арттыру мүмкіндігі туады [186, 17 б.].
                         Кош-Тепа каналының іске қосылуы Орталық Азиядағы су қатынастарын
                  түбегейлі  өзгертуі  мүмкін.  Бұл  аймақта  су  саясатын  үйлестірудің  жаңа
                  жолдарын қарастыру қажеттілігін айқындайды. Сонымен қатар, аймақ елдері су
                  ресурстарын  үнемдеу  мен  тиімді  пайдалану  стратегиясын  қайта  қарап,  жаңа
                  технологиялар мен мелиорациялық әдістерді енгізу арқылы судың тиімділігін
                  арттыруға басымдық беруі қажет.
                         Тәжікстандық  зерттеушілер  өз  еңбектерінде  Орталық  Азиядағы  су
                  ресурстарының  экологиялық  жағдайына  ерекше  назар  аударады.  Олар
                  трансшекаралық су көздерін  әділ және тиімді пайдалану мәселелерін кешенді
                  түрде  қарастырады.  Аймақтағы  экожүйенің  өзгеруі,  су  деңгейінің  төмендеуі
                  және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсарту қажеттілігі
                  Тәжікстан ғалымдарының зерттеулерінде жиі көтерілетін тақырыптардың бірі.
                         Түрікменстандық  зерттеушілердің  еңбектері  саны  жағынан  шектеулі
                  болғанымен,  олар  негізінен  шөлейт  және  құрғақ  аймақтарда  суды  балама
                  көздерден  алудың  мүмкіндіктерін  зерттеуге  бағытталған.  Бұл  зерттеулерде
                  жаңартылатын  су  көздерін  тиімді  пайдалану,  суарудың  озық  әдістерін  енгізу
                  және  сумен  қамтамасыз  етудің  экологиялық  тұрғыда  тұрақты  шешімдерін
                  қарастыруға басымдық беріледі [186, 18 б.].
                         Қырғызстандық  зерттеушілер  алғашқылардың  бірі  болып  Орталық
                  Азиядағы  су  ресурстарын  бөлу  мәселелері  бойынша кешенді  ғылыми  зерттеу
                  жүргізді.  Олардың зерттеулері  көбінесе  ауыл  шаруашылығы, экономика  және
                  экология  тұрғысынан  суды  пайдалану ерекшеліктеріне  бағытталған.  Сонымен
                  қатар,  кейінгі  жылдары  аймақтағы  су  тапшылығының  қақтығыстарға  ұласу
                  ықтималдығы  мен  бұл  мәселені  дипломатиялық  жолмен  шешу  қажеттілігі  де
                  жиі қарастырыла бастады [186, 11 б.].
                         Жалпы, Орталық Азия елдеріндегі су басқару мәселелері бірнеше негізгі
                  аспектілерге  бөлінеді.  Бұл  бағыттар  өңірдегі  мемлекеттер  үшін  ортақ
                  проблемаларды сипаттайды және олардың шешу жолдарын табуға көмектеседі.
                         Төмендегі  24-суретте  аталған  мәселелер  су  ресурстарын  басқарудың
                  кешенді  және  тиімді  жүйесін  енгізу  қажеттігін  көрсетеді.  Өңір  елдері




                                                                 94
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99