Page 95 - Диссертация
P. 95
болжанбайтын климаттық өзгерістерге, халық санының артуына және
экономикалық тұрақсыздыққа байланысты жаңа стратегияларды әзірлеуі тиіс.
Сурет 24 - Орталық Азиядағы су басқару мәселелері
Ескертпе: Кесте авторлық талдау негізінде жасалған.
Суды басқарудың қазіргі жүйесі аймақтағы экономикалық және
әлеуметтік жағдайларға ұзақ мерзімді әсерін тигізіп отырғандықтан, Орталық
Азия елдері трансшекаралық су ресурстарын басқару және бөлу мәселелерінде
өзара келісімге келу жолдарын қарастыруы қажет.
Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілген негізгі тәуекелдер суды
басқару саласында қабылданатын шешімдерге қосымша белгісіздіктерді
тудыруы мүмкін. Өйткені су ресурстарын басқару өзіндік күрделі жүйе ретінде
көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Бұл факторлар ішінде деректердің
жеткіліксіздігі, климаттың өзгеруі, халық санының артуы және су ресурстарына
түсетін жүктеменің жыл сайын ұлғаюы айрықша орын алады [187].
95