Page 101 - Диссертация
P. 101

Қытайдың         Қазақстанмен        шекаралас        болуы       елімізге     бірқатар
                  экономикалық  мүмкіндіктер  ұсынады.  Ең  алдымен,  бұл  Қытай  мен  Еуропа
                  арасындағы  жүк  тасымалының  транзитінен  пайда  табу  мүмкіндігімен
                  байланысты.  Қазақстан  аумағы  арқылы  олардың  арасындағы  тасымалдаудың
                  оңтайлы  жолы  өтеді.  Қытай  тауарларының  көпшілігі  арзан  теңіз  көлігімен
                  тасымалданғанымен,  батыс  бағыттағы  құрлық  маршруттары  жеткізу  уақытын
                  екі  есеге  дерлік  қысқартады.  Қазақстан  аумағы  арқылы  тасымалданатын
                  жүктердің  көлемін  ұлғайту  ел  ішіндегі  көліктік  және  ілеспе  логистикалық,
                  сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.
                         Екі  елдің  көлік  саласындағы  экономикалық  мүдделерінің  сәйкес  келуі
                  нақты саяси қадамдарда көрініс табуда. Мысалы, 2024 жылы қазақстандық су
                  шаруашылығы мамандарының Қытайда біліктілігін арттыру курстарынан өтуі
                  туралы «Power China» компаниясымен келісімге қол жеткізілді. Су ресурстары
                  және  ирригация  министрі  Нұржан  Нұржігітов  бұл  бастамалардың  Қазақстан
                  мен  Қытай  арасындағы  екіжақты  қарым-қатынасқа  жаңа  серпін  беретініне
                  сенім білдірді.
                         Алайда, су мәселесіне келгенде, Іле-Балқаш бассейнін сумен қамтамасыз
                  ету  және  басқа  да  сұрақтар  бойынша  нақты  құжаттар  әлі  қабылданбаған.
                  Қазақстан  мен  Қытай  арасындағы  трансшекаралық  өзендерді  пайдалану  және
                  қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар болғанымен, кейбір
                  мәселелер  толық  шешімін  таппаған.  Мысалы,  Қытайдың  Шыңжаң-Ұйғыр
                  автономиялық  ауданында  Қара  Ертіс  өзенінің  суын  кеңінен  пайдалану
                  Қазақстан  үшін  экономикалық  және  экологиялық  салдарға  әкелуі  мүмкін.
                  Сондықтан  екі  ел арасындағы  трансшекаралық  өзендер  мәселесіне  мән  беріп,
                  өзендерді  бірлесіп  пайдалану  мен  қорғауда  халықаралық  құқық  нормаларына
                  сай өзара ортақ келісімге келу маңызды болып табылады [182, 105 б.].
                         Қазақстан  мен  Қытай  арасындағы  инфрақұрылымдық  жобалар  белсенді
                  жүзеге асырылуда. Солардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – екі ел шекарасындағы
                  «KTZ  –  Khorgos  Gateway»  Құрғақ  порты.  Сонымен  қатар,  2015  жылдың
                  тамызында Достық/Алтынкөл – Жезқазған – Ақтау порты – Баку – Тбилиси –
                  Карс бағыты бойынша «Silk Wind» пойызының сынақтық рейсі іске қосылды.
                         Қазақстан  үшін  Қытаймен  трансшекаралық  өзендердің  су  ресурстарын
                  бөлу  мәселесі  өзекті  болып  табылады.  Елдің  су  әлеуетінің  40%-дан  астамы
                  (шамамен  100  км³)  Ресей,  Қытай,  Өзбекстан  және  Қырғызстан  сияқты  көрші
                  мемлекеттердің сыртқы су көздерінен қалыптасады. Бұл жағдай Қазақстанның
                  су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударуды талап етеді.
                  Қытаймен  тығыз  экономикалық  байланыстарды  ескере  отырып,  Қазақстан
                  трансшекаралық  су  ресурстарын  бірлесіп  пайдалану  мәселелерін  шешу
                  тетіктерін белсенді іздестіруде.
                         Қазақстанның жер үсті су ресурстары ел аумағында біркелкі бөлінбеген.
                  Ертіс  өзені  бассейні  жер  үсті  су  ресурстарының  шамамен  75%-ын  құрайды.
                  Балқаш-Алакөл  ойпатында  жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлшері  100


                                                                101
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106