Page 97 - Диссертация
P. 97

Бүгінгі  таңда  Әмудария  өзеніндегі  су  ресурстарын  бөлуді  реттеу
                  қажеттілігі арта түсуде. Себебі Кош-Тепа каналының құрылысы жалғасуда. Бұл
                  жоба аяқталған соң, ол Ауғанстандағы ең ауқымды және стратегиялық маңызды
                  суару жүйелерінің біріне айналады.
                         Орталық  Азия  елдерінің  суға  деген  көзқарастары  әртүрлі:  Қазақстан  су
                  ресурстарын  ауыл  шаруашылығы  мен  экология  қажеттіліктеріне  бағыттауды
                  маңызды  деп  санайды.  Қырғызстан  болса,  гидроэнергетика  мен  ауыл
                  шаруашылығын  дамытуға  басымдық  береді.  Өзбекстан  мен  Түркіменстан
                  Әмударияның  төменгі  ағысында  орналасқандықтан,  осы  өзеннің  суына
                  толықтай тәуелді [187, 41 б.].
                         Сарапшылардың  пікірінше,  Кош-Тепа  каналының  салынуы  өңірдегі  су
                  тапшылығын  одан  әрі  арттырады.  Бұл  өз  кезегінде  Түркіменстан  мен
                  Өзбекстанның ауыл шаруашылығына ауыр әсер етуі мүмкін.
                         Құрғақшылық  пен  судың  жетіспеушілігі  аймақ  халқының  көші-қонын
                  күшейтуі  ықтимал.  Әсіресе,  Әмудария  өзенінің  төменгі  ағысындағы  Хорезм,
                  Бұхара  және  Қарақалпақстан  өңірлерінде  экологиялық  және  әлеуметтік-
                  экономикалық жағдайдың нашарлауы болжануда. Әмударияның Арал теңізіне
                  жету мүмкіндігі одан әрі азаюы мүмкін, себебі судың айтарлықтай бөлігі Кош-
                  Тепа арқылы Ауғанстан аумағында қалуы ықтимал.
                         Әмудария ағысының азаюы Сырдария өзеніне қосымша жүктеме түсіріп,
                  Оңтүстік  Қазақстан  аймақтарына  да  су  тапшылығын  тудыруы  мүмкін.
                  Түркіменстанның ауыл шаруашылығында Әмудария өзені негізгі су көзі болып
                  табылады.  Бұл  ел  Әмударияның  ағысының  30%-дан  астамын  Лебаб  және
                  Дашогуз  аймақтары  арқылы  Қарақұм  каналына  бағыттайды.  Су  деңгейінің
                  төмендеуі  елді  мекендердің  тұрғындары  мен  мақта  өнеркәсібіне  айтарлықтай
                  қауіп төндіреді. Түркіменстан Алтын ғасыр көлі және Қарақұм каналы арқылы
                  суды  басқару  инфрақұрылымын  дамытуды  жалғастырып  жатқанымен,  Кош-
                  Тепа  каналы  іске  қосылғаннан  кейін  бұл  шаралар  жеткіліксіз  болуы  мүмкін
                  [185, 12 б.].
                         Ауғанстан  халықаралық  құқық  нормаларына  сәйкес  өз  аумағындағы  су
                  ресурстарын  пайдалануға  құқылы.  Алайда,  бұл  процеске  көршілес  елдердің
                  мүдделеріне  зиян  келтірмеу  қағидаты  енгізілуі  қажет.  Осыған  байланысты,
                  жаңа халықаралық келісімдер жасалып, ортақ реттеу тетіктері әзірленуі тиіс.
                         Орталық  Азияда  халық  саны  60  миллионға  жетіп,  жыл  сайын  артып
                  келеді.  Демек,  2040  жылға  қарай  су  ресурстарына  түсетін  жүктеме  бірнеше
                  есеге артады. Бұл аймақтың экологиялық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін.
                  Кош-Тепа  каналының  құрылысы  аймақтағы  су  тапшылығын  одан  әрі
                  ушықтыруы мүмкін. Өңір мемлекеттері Ауғанстанмен келіссөздер жүргізіп, су
                  ресурстарын  ортақ  реттеу  механизмдерін  әзірлеуі  қажет.  Климаттың  өзгеруі,
                  демографиялық  өсім  және  ауыл  шаруашылығы  қажеттіліктерінің  артуы  су
                  қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіріп отыр.




                                                                 97
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102