Page 103 - Диссертация
P. 103
аталмыш жағымсыз құбылыстардың одан бетер жанданып кетері анық. Сол
себептен де Қытай Қазақстанның тұрақсыз елге айналуына мүдделі дегенге
сену қиын. Екіншіден, Қытай мен Қазақстан арасында терең сауда-
экономикалық қатынастар орнаған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастаған
жаһандық жоба «Ұлы Жібек Жолының экономикалық белдігінің» күре тамыры
Қазақстан территориясы арқылы өтетіндігін ескерсек, елімізде тұрақтылықтың
сақталуына Қытай бізден бетер мүдделі екенін байқау қиын емес. Яғни, Кытай
мемлекеті Қазақстанда тұрақтылық болғанын жақтайды.
Жалпы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы
ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық
әріптестіктің маңызды құрамдас болігі болып табылады. Ел мемлекет
басшылары тараптар боп осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп
пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау
мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.
Мәселен, 2013 ж. 19-20 тамыздағы Қазақстанға ресми сапары барысында
ҚХР Сыртқы министрі Ван И былай деп мәлімдеді: «Егер трансшекаралық
сулар туралы айтсақ, Қытай Қазақстанның мүддесіне нұқсан келтіретін
ешнәрсе жасамайды. Біз, екі тараптың күш салуымен осы мәселені міндетті
түрде абыроймен реттеудің жолын табамыз және екі ел арасындағы
трансшекаралық өзендер біздің екі халықты тығыз байланыстыратын түйіннің
болатынына сенімдімін» [189].
Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың дәуірдеде Қытайға мемлекеттік
сапарында (2015 ж. 30тамыз – 3 қыркүйек) екі ел басшылары қол қойған
Жанжақты стратегиялық әріптестіктің жаңакезеңі туралы бірлескен
декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударылған
[190].
Жалпы Қытай мен Қазақстан арасында трансшекаралық өзендерді
бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ҚР мен ҚХР өзара қарым-
қатынастар келесі құжаттармен реттеледі:
1) ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді
пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (2001 ж. 12
қыркүйек, Астана).
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы
министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі табиғаттық апаттар
туралы тараптарды жедел хабарлау жөніндегі келісім (2005 ж. 4 шілде, Астана).
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы
министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу
ынтымақтастығын дамыту туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.).
4) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және ҚХР Су шаруашылығы
министрлігі арасындағы негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық су
бекеттерінің гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен
(мәліметтермен) өзара алмасу туралы келісім (2006 ж. 20 желтоқсан, Бейжің қ.).
103