Page 93 - Диссертация
P. 93

мәселелері  бұрыннан  өзекті  болса,  қазіргі  таңда  бұл  жағдай  Ауғанстанның
                  Әмудария өзенінен су алуды ұлғайтуына байланысты одан әрі күрделеніп отыр.
                         Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы трансшекаралық су мәселелері
                  халықаралық-құқықтық  реттеуді  қажет  етеді.  Бүгінде  бұл  аймақта  су
                  ресурстарын басқару 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық
                  Аралды  сақтау  қоры  (ХАСҚ)  шеңберінде  қарастырылады.  Бұл  қор
                  Мемлекетаралық  үйлестіру  су  комиссиясы  (МКВК),  Мемлекетаралық  су
                  шаруашылығы  комиссиясы  (МКУР)  және  Аралды  құтқару  халықаралық
                  қорының  басқармасы  (МФСА)  секілді  ұйымдарды  қамтиды.  Алайда,  бұл
                  құрылымдардың  ешбіріне  Ауғанстан  мүше  емес,  яғни,  елдің  су  пайдалану
                  саясаты аймақтық келісімдерден тыс қалып отыр [186].
                         Орталық  Азияда  су  ресурстарын  бірлесіп  басқарудың  ортақ  тетігі  әлі
                  күнге дейін толық қалыптаса қойған жоқ. Бұған бірнеше себеп бар:
                         - Аймақтық  су  ресурстарының  бөлінуіне  қатысты  ортақ  түсініктің
                  болмауы;
                         - Суды  пайдалану  мақсаты  бойынша  әртүрлі  көзқарастар  мен
                  қайшылықтар;
                         - Аймақтағы         экологиялық         және      экономикалық          жағдайлардың
                  тұрақсыздығы.
                         Теориялық  тұрғыдан  өңір  елдері  су  ресурстарын  әділетті  түрде  бөлсе,
                  әрбір  мемлекет  ұтымды  пайда  көрер  еді.  Алайда,  қазіргі  саяси  ахуал
                  жағдайында  мұндай  жүйені  қалыптастыру  Ауғанстандағы  Кош-Тепа  каналын
                  салу  үдерісімен,         аймақтағы       тұрақсыздық  және  ішкі              экономикалық
                  проблемалармен күрделене түседі.
                         Жақын болашақта су дағдарысының тереңдеуіне жол бермеу мақсатында
                  Орталық  Азия  мемлекеттері  өзара  сенімге  негізделген  диалогтық  форматта
                  тығыз  ынтымақтастық  орнатуы  қажет  (кесте  12).  Бұл  бағытта  ең  алдымен
                  қолданыстағы  су  келісімдерін  сақтау  және  олардың  орындалуын  қамтамасыз
                  ету маңызды.

                  Кесте 12 - Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару мәселелері

                   №                 Мәселелер                                      Салдары
                   1  Су тапшылығы                              Ауыл шаруашылығы мен өндірістің төмендеуі
                   2  Климаттың өзгеруі                         Мұздықтардың еруі, ауа температурасының
                                                                көтерілуі
                   3  Су ресурстарын тиімсіз пайдалану          Су шығындарының артуы
                   4  Инфрақұрылымның тозуы                     Су қоймалары мен каналдардың жұмыс істеу
                                                                қабілетінің нашарлауы
                   5  Трансшекаралық ынтымақтастықтың  Халықаралық су дауларының күшеюі
                       жеткіліксіздігі
                   6  Ауыл шаруашылығындағы суға                Экономикалық тұрақсыздықтың артуы
                       тәуелділік


                                                                 93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98