Page 91 - Диссертация
P. 91
төндіреді. Бұл жоба аймақтық су ресурстарын қайта бөлу қажеттілігін тудырып,
қазіргі Алматы келісімінің өзектілігін қайта қарастыруға негіз болады.
Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы су ынтымақтастығын дамыту
қажеттілігі артып отыр, себебі келісімдерсіз төменгі ағыс елдерінің ауыл
шаруашылығы мен экожүйелеріне орны толмас шығын келуі мүмкін.
Топырақтың тұздануы – ауыл шаруашылығының өнімділігіне, халықтың
денсаулығына және жалпы экономикалық жағдайға теріс ықпал ететін басты
экологиялық мәселелердің бірі. Бүгінде Әмудария бассейніндегі судың
тұздылық деңгейі жоғары болғандықтан, Өзбекстандағы суармалы жерлердің
50%-дан астамы топырақтың тұздануынан зардап шегуде. Бұл жағдай егістік
алқаптарының құнарлылығын төмендетіп, ауыл шаруашылық өнімділігінің
айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін [185, 54 б.].
Түркіменстанның да суармалы егіншілігі негізінен Әмудария өзенінің су
ресурстарына тәуелді. Елдің Лебаб және Дашогуз сияқты негізгі ауыл
шаруашылық өңірлері Қарақұм каналы арқылы өзен ағынының 30%-дан
астамын пайдаланады. Сондықтан өзен суының азаюы ауыл тұрғындары мен
егіншілік секторына, әсіресе мемлекеттік деңгейдегі мақта өндірісіне ауыр әсер
етуі мүмкін.
Түркіменстанда құрғақшылыққа бейім аймақтардағы жағдай одан да
күрделі. Дүниежүзілік банк жүргізген зерттеулерге сәйкес, Өзбекстандағы ауыл
шаруашылығында қолданылатын судың 10-15%-ы тұздарды шаймалау үшін
жұмсалады. Бұл тұзданудың жоғары деңгейін көрсетіп, суармалы жерлердің
деградациясын болдырмау үшін қосымша су ресурстарын қажет етеді. Кош-
Тепа каналының іске қосылуы Әмудария өзенінің төменгі ағысындағы судың
сапасына кері әсер етуі мүмкін. Өзеннен алынып жатқан қосымша судың үлкен
көлемі ағынның баяулауына және тұз концентрациясының артуына ықпал
етеді. Сонымен қатар, Ауғанстанның Кош-Тепа каналынан алынатын судың
көп бөлігі каналдың оң жағалауындағы жер бедеріне байланысты дақылдарды
суарғаннан кейін қайтадан Амударияға қайтады. Бұл судың тұздылығын одан
әрі арттырып, экологиялық жағдайды нашарлатады.
Канал маңындағы топырақтың құмды құрылымы су өткізгіштігін
арттырып, нәтижесінде су таралуының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл
жағдай батпақтану, топырақтың тұздануы және жер асты суларының
сапасының нашарлауына әкеліп соғуы ықтимал. Мұндай жағдайлар мышьяк,
фтор және басқа да ауыр металдардың концентрациясының артуына себеп
болуы ықтимал. Бұл процестер Әмудария бассейнінде жаңа экологиялық
мәселелердің туындауына әкелуі мүмкін, ал су сапасының нашарлауы тек ауыл
шаруашылығына ғана емес, аймақтың экожүйесіне, ауыз су сапасына және
халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.
Кош-Тепа каналының салынуы мен пайдаланылуы аймақтағы су
ресурстарының сапасына үлкен әсер етуі мүмкін, әсіресе Әмудария өзенінің
төменгі ағысында орналасқан елдер үшін бұл мәселе аса өзекті. Тұздану,
91