Page 87 - Диссертация
P. 87

Бұл  факторлар  аймақтың  су  қауіпсіздігіне,  экологиялық  тепе-теңдігіне
                  және әлеуметтік тұрақтылығына тікелей әсер етеді:
                         1. Талибанның  Кош-Тепа  каналын  салуы  –  Ауғанстанда  жүзеге
                  асырылып  жатқан  бұл  ірі  инфрақұрылымдық  жоба  Әмудария  өзенінің  су
                  балансын  өзгертіп,  Өзбекстан  мен  Түрікменстан  сияқты  төменгі  ағыстағы
                  елдердің суға қолжетімділігін азайту қаупін тудырады.
                         2. Ауғанстандағы  су  ресурстарын  дамыту  –  Ауғанстанның  су
                  инфрақұрылымын  дамытуға  ұмтылысы  трансшекаралық  суларды  әділ
                  пайдалану және келісімге негізделген реттеу қажеттігін туындатып отыр. Бұл –
                  аймақтағы су бөлінісінің тұрақтылығына әсер ететін маңызды геосаяси фактор.
                         3. Экологиялық  және  әлеуметтік  тәуекелдер  –  Әмудария  суының
                  азаюы мен сапасының нашарлауы ауыл шаруашылығы өнімділігін төмендетіп,
                  халықтың денсаулығы мен өмір сапасына теріс ықпал етуі мүмкін. Бұл, әсіресе,
                  Қарақалпақстан мен Хорезм сияқты аймақтарда ерекше байқалады.
                         Аталған факторлар Орталық Азия елдерін өзара келісім негізінде әрекет
                  етуге,  Ауғанстанмен  су  саласындағы  диалог  орнатуға  және  ортақ  экожүйені
                  сақтауға бағытталған стратегиялар әзірлеуге мәжбүр етеді.
                         Кош-Тепа каналының құрылысы 2022 жылдың наурыз айында, Талибан
                  билікке келгеннен кейін бір жыл өткен соң басталды. Бұл жоба Ауғанстанның
                  су  саясаты  мен  ауыл  шаруашылығын  дамытудағы  маңызды  қадамы  ретінде
                  қарастырылуда.  Талибан  үкіметі  бұл  жобаны  елдің  экономикалық  және
                  инфрақұрылымдық  дамуының  символы  ретінде  көрсетуге  тырысуда.  Арна
                  құрылысы  ұлттық  хабар  тарату  арналары  мен  әлеуметтік  желілерде  кеңінен
                  насихатталып,  жоғары  лауазымды  тұлғалар  тарапынан  үлкен  қолдауға  ие
                  болуда.
                         Алайда, Кош-Тепа каналының іске қосылуы Орталық Азия елдерінің су
                  ресурстарына  қолжетімділігін  шектеу қаупін  тудырады, әсіресе Әмударияның
                  төменгі ағысында орналасқан Өзбекстан мен Түрікменстан үшін бұл жобаның
                  ықтимал  салдары  айтарлықтай  болуы  мүмкін.  Мұндай  ірі  инфрақұрылымдық
                  бастамалар аймақтағы су-энергетикалық баланстың өзгеруіне, трансшекаралық
                  өзендерді  басқару  саясатындағы  келіспеушіліктердің  артуына  және  су
                  ресурстары үшін бәсекелестіктің күшеюіне алып келеді.
                         Кош-Тепа  каналы  –  Ауғанстандағы  ірі  суару  жобаларының  бірі  болып
                  табылады.  Каналдың  ұзындығы  281  км,  ені  100  метр,  ал  тереңдігі  8  метр
                  болмақ.  Құрылыс  толық  аяқталғаннан  кейін  бұл  канал  Әмудария  өзенінен
                  жылына  шамамен  650  м³/сек  немесе  13  км³  суды  бұруға  немесе  пайдалануға
                  мүмкіндік береді деп болжануда [184].
                         Каналдың су қабылдау пункті Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасындағы
                  Әмудария өзенінде орналасқан. Ол Балх және Джаузжан провинцияларын кесіп
                  өтіп, Фаряб провинциясындағы Андхой суару каналымен байланыс орнататын
                  болады. Осылайша, канал пайдалануға берілгеннен кейін 550 000-нан 585 000
                  гектарға дейінгі ауылшаруашылық жерлерін суару мүмкіндігі туындайды. Бұл


                                                                 87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92