Page 86 - Диссертация
P. 86
жасалды. Дегенмен, ол тек 1999-2001 жылдар аралығында ғана өз күшінде
болып, кейіннен ұзаққа созылған гидросаяси дағдарысқа ұласты. Бұл аймақта
су ресурстарын реттеу мәселесін одан әрі күрделендіріп, трансшекаралық
сулардың басқарылуын аймақтық қауіпсіздік мәселесіне айналдырды.
Орталық Азиядағы су жүйелерінің қазіргі жағдайы тұрақсыз күйде қалып
отыр және бұл жағдай өңірлік және ұлттық деңгейдегі су шаруашылығы
мекемелерінде орын алып жатқан өзгерістермен сипатталады. Аймақтық су
саясаты әлі де болса белгілі бір ретке келтірілмеген, бұл мәселенің одан әрі
күрделене түсуіне алып келуде.
Климаттың өзгеруі өңірдегі су қауіпсіздігіне үлкен әсерін тигізуде.
Құрғақшылықтың жиілеуі мен су тапшылығы жоғары ағыста орналасқан
елдердің энергия өндірісіне де, төменгі ағыстағы елдердің суармалы егіншілік
қажеттіліктеріне де айтарлықтай қиындықтар тудырып отыр. Сонымен қатар,
су инфрақұрылымының тозуы, судың тиімсіз пайдаланылуы және
қолжетімділіктің шектеулі болуы аймақтың белгісіз болашағына қосымша
ықпал етуде. Бұл жағдай барлық секторлардағы су ресурстары үшін
бәсекелестікті күшейтіп, трансшекаралық ынтымақтастықтың әлсіздігін
көрсетеді [89, 99 б.].
Осы мәселелер аясында Талибан билігінің Кош-Тепа каналын салу
бастамасы жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр. Каналдың іске қосылуы
аймақтың су тепе-теңдігіне ықпал етіп, өзен ресурстары үшін мемлекеттер
арасындағы шиеленісті күшейтуі мүмкін.
Төмендегі 23-суретте Орталық Азия елдерінің су ресурстарына қатысты
сыртқы маңызды факторлары көрсетілген.
Сурет 23 - Орталық Азия елдерінің су ресурстарына қатысты сыртқы маңызды
факторлары
86