Page 63 - Диссертация
P. 63

жазықтарға – ауысқандығымен ерекшеленеді. Осы кезеңде өзендерден тікелей
                  су алуға мүмкіндік беретін ірі магистральдық каналдар салынған. Бұрын су тек
                  өзен  тармақтары  арқылы  алынған  болса,  бұл  кезеңде  су  тікелей  негізгі
                  арналардан  бұрылып,  ирригациялық  инфрақұрылымда  түбегейлі  өзгеріс  орын
                  алған (кесте 9).

                  Кесте 9 - Орталық Азия мемлекеттері мен ірі су бассейндері

                     Мемлекет          Ірі су бассейндері                    Басым ерекшеліктері
                   Қазақстан       Сырдария, Іле, Балқаш,      Шөлейт, мұздық сулары, суармалы ауыл
                                   Каспий                      шаруашылығы
                   Өзбекстан       Әмудария, Сырдария          Су тапшылығы, мақта өсіру, суармалы жерлер
                   Қырғызстан      Сырдария, Шу, Талас         Мұздық сулары, жоғары орналасу
                   Тәжікстан       Әмудария, Зерафшан          Мұздықтар, тау сулары
                   Түрікменстан  Әмудария, Қарақұм             Шөлдер, ірі су инфрақұрылымы
                                   каналы

                         Аймақтын  қатаң  климаттық  жағдайларды  және  құрылып  жатқан  суару
                  жүйелерінің  сенімсіздігін  ескергенде,  олардың  қауіпсіздігіне  қатысты  кез
                  келген немқұрайлылық немесе қате шешім бегісіздікдік салдарға әкелуі мүмкін.
                  Бұл кезеңде мемлекеттілік құрылымы орталықтандырылған билікке негізделіп,
                  оның  басты  функциялары  аумақтық  тұтастықты  сақтау,  су  шаруашылығына
                  қатысты түйткілдерді реттеу, халықты ирригациялық және басқа да қоғамдық
                  жұмыстарға  жұмылдыру,  сондай-ақ  салықтық  міндеттемелерді  орындауды
                  қамтамасыз  ету  болды.  Жерге  қатысты  меншіктік  қатынастар  мемлекеттік
                  бақылауда  болып,  жеке  меншіктің  қалыптасуына  жол  берілмеді.  Билеуші
                  барлық жердің жоғарғы иесі болып саналды.

                         Ғалымдардың  көпшілігі  жазықтарды  су  тасқынымен  суару  (сағалық
                  суару) суарудың ең көне әдісі деп есептейді. Тарихи дереккөздер зерттеулерге
                  қарағанда,  су  тасқынымен  суару  әдістері  адамзат  тарихында  өте  ерте
                  кезеңдерден  бастап  қолданылған.  Дегенмен,  бұрынғы  кеңес  мектебінің
                  ғалымдары  (Андрианов,  1969;  Дингельстед,  1895  және  т.б.)  суарудың  таулы
                  ағынды түрі суарудың барлық ежелгі әдістерінің ең ертесі болды деп болжайды
                  [158, 159].
                         Ежелгі  саяхатшылардың  жазылған  әңгімелеріне  сүйене  отырып,
                  В.В.Бартольд Шаш-Дүз каналы екі мың жылға жуық өмір сүрді  деп есептеді.
                  Ол Атрек өзенінің суын Чаттан 60 км жоғары қарай бұрып, Сумбара өзенінің
                  арнасынан  өтіп,  бөгеттің  биіктігі  2,1  м  болатын  суды  суармалы  жерлерге
                  тасымалдады.
                         Орта ғасырларда Қарахан дәуірінен бастап (940-1212 ж.ж.) Сырдарияның
                  орта  ағысының  сол  жағалауындағы  суаруға  арналған  су  Сырдарияның  негізгі
                  арнасынан тікелей су алатын үлкен каналдар арқылы жеткізілді.
                         Сырдария  аймағы  егіншілерге  жиі  шабуыл  жасайтын  көшпелі  тайпалар
                  (ғұндар,  қыпшақтар,  қимақтар  және  т.б.)  алып  жатқан  аумақтармен
                                                                 63
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68