Page 66 - Диссертация
P. 66

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ РЕСУРСТАРЫ
                  ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ

                         2.1 Орталық Азиядағы су ресурстарының геосаяси мәні
                         Орталық Азия өңірі – су ресурстарының жетіспеушілігімен сипатталатын,
                  бірақ суға тәуелді халық шаруашылығы дамыған аймақ. Негізгі су артериялары
                  –  Әмудария  және  Сырдария  өзендері  –  трансшекаралық  сипатта,  олардың
                  бастаулары Қырғызстан мен Тәжікстанда орналасса, төменгі ағысы Өзбекстан,
                  Қазақстан  және  Түрікменстан  аумағынан  өтеді.  Су  ресурстарының  теңдей
                  бөлінбеуі, экономикалық және саяси мүдделердің әртүрлілігі бұл аймақта суды
                  геосаяси фактор ретінде қарастыруға әкеліп отыр [164].
                         Қазақстан  үшін  Сырдария  өзені  ерекше  маңызды  болып  табылады,
                  өйткені  оның  ағысының  едәуір  бөлігі  еліміздің  оңтүстігіндегі  ауыл
                  шаруашылығы мен экожүйелердің тіршілігіне тікелей әсер етеді. Бұл тұрғыдан
                  алғанда,  су  ресурстары  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігі  мен  тұрақты
                  дамуының маңызды факторына айналған [77, 95 б.].
                         Мемлекеттер аумағы жазық және тау бөктеріндегі аудандарында дәстүрлі
                  түрде  ауылшаруашылық  дақылдарын  егумен  айналысады    және  мал
                  шаруашылығы да кең өріс алған. Бұл факторлар трансшекаралық су көздерінің
                  су ресурстарын өте көп мөлшерде пайдалану сұрақтарын алға тартады.
                         Біздің  пікірімізше  Орталық  Азиядағы  су-энергетикалық  қарым-қатынас
                  тобындағы мемлекеттерді негізгі бес топқа бөліп қарастыруға болады [165]:
                         Олардың  бірінші  тобына  Қырғызстан  мен  Тәжікстанды  жатқызуға
                  болады.      Қырғыз       Республикасымен           ынтымақтастықтың           маңыздылығы
                  Тәжікстанның дамуына ықпал ететін келесі факторлармен байланысты болып
                  табылады:
                         «Біріншіден, Қырғыз Республикасы шекаралас мемлекет болып табылады
                  және Тәжікстан Республикасының солтүстік-шығыс шекарасының қауіпсіздігін
                  қамтамасыз етеді;
                         Екіншіден,  Қырғызстан  –  Тәжікстан  Республикасы  Орталық  Азия
                  аймағындағы  су-энергетикалық  саласындағы  дәстүрлі  одақтасы  болып
                  табылады.  Қырғызстанның  климаттық  жағдайы  Тәжікстанға  ұқсас  және  екеуі
                  де Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінің бастауында тұр;
                         Үшіншіден,  Қырғыз  Республикасы  Тәжікстанның  коммуникациялық
                  тығырықтан шығуында маңызды роль ойнайды. Өзбекстан Республикасындағы
                  орналасқан жолдарға балама ретінде тікелей Қазақстанға және одан әрі Ресей
                  Федерациясына шығуға мүмкіндік туады;
                         Төртіншіден,  Қазақстан  Республикасының  аумақтық  және  транзиттік-
                  коммуникациялық әлеуеті болашақта Тәжікстанда өндірілетін гидроэнергияны
                  Қазақстан  арқылы  Ресей  Федерациясының  оңтүстік  өңірлеріне  жеткізуде
                  стратегиялық дәнекер рөл атқара алады.




                                                                 66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71