Page 60 - Диссертация
P. 60
перспективалар тудырып, Орталық Азия елдеріне ежелгі су ресурстарын
басқару өнерінің еуропалық инженерлік тәжірибенің іргелі білімдерімен
бірегей үйлесіміне негізделген өңірдегі суармалы егін шаруашылығын
дамытудың бұрын-соңды болмаған ауқымын қамтамасыз етті.
Мәселен, Қарақұм каналы сияқты әлемдегі ең ұзын су арнасының
салынуы, Нұрек су электр станциясындағы әлемдегі ең биік бөгеттің іске
қосылуы, су көтеру биіктігі мен өнімділігі жағынан алдыңғы қатардағы Қаршы
сорғы станциялары каскадының пайдалануға берілуі, сондай-ақ көлемі
бойынша ең ірі суармалы жобалардың бірі – Голодная степь (Аш дала) игеру
жұмыстары – аймақтағы ірі гидротехникалық жетістіктер қатарына жатады.
Аталған жобалар экономикалық, институционалдық және техникалық
тұрғыдағы жаңашыл шешімдерге негізделіп, қазіргі кезеңде де Орталық Азия
елдері тиімді түрде пайдаланып отырған іргелі ирригациялық
инфрақұрылымның негізін қалады.
Дегенмен, Совет одағы кеңестік су шаруашылығын басқару моделінен
қалған кейбір келеңсіз қасиеттер Орталық Азияда әлі де байқалуда. Бұл, ең
алдымен, экологиялық жағдайға немкұрайлы карау. Мысалға, Арал теңізінің
дағдарысына әкеліп соқтырған табиғатты сақтауға көңіл бөлмеу.
Француз зерттеушісі Рене Гроссенің 1939 [152] жылы жарық көріп, кейін
бірнеше рет қайта басылып шыққан «Далалар империясы: Орталық Азия
тарихы» атты еңбегінде көшпелі халықтардың далалық кеңістікті игеріп,
отырықшы өркениеттердің қалыптасуына елеулі үлес қосқандығы және
олардың тарихтағы жасампаз рөлі жан-жақты талданған (Grousset, 1996) [153].
Гросстың тарихи зерттеу мәтіні ретінде Орталық Азияны таңдағаны
кездейсоқ емес, онда көшпелілер оның табиғи қоймаларын дамыту мен
пайдалануда егіншілердің одақтасы және көмекшісі болғандығын ескерген
деген пікірге келуге болады.
ХV ғасырға қарай қазіргі Қазақстан жерінде үш көшпелі конфедерация
(жүз) құрылды. Олар көлемі жағынан бүкіл Батыс Еуропаға тең 2,7 млн км
2
аумақта орналасқан. Олардың әрқайсысында қатаң белгіленген көші-қон
аймақтары болды, жайылымдық жерлер, жазғы лагерлер мен қыстаулар
келісілді. Олар жазды, көктемді және күзді өзен жағаларында өткізіп, қыста
оңтүстіктегі жылы аймақтарға қоныс аударды. Жүздер руға, тайпалар руға
бөлінді. Дала құдықтары да көшпелі тайпалар жолында «шамырақ» қызметін
атқарған. Оларды рулар мен тайпалар ортақ пайдалану үшін бірге жасаған;
және оларға ешкімнің арнайы құқықтары бола алмайды. Көшпелілер үшін су
тек тіршіліктің негізі ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтік,
экономикалық және саяси қатынастарын реттеуші болған [154]. Яғни, бұл су
мәселесін реттеудегі қазіргі су дипломатиясынын интеграциялық тәсілі арқылы
басқарудағы бір тетіктерінің белгілері (сурет 8).
60