Page 59 - Диссертация
P. 59

үшін  біз  су  ресурстарына  күрес,  бағалау,  тиімді  пайдалану  деген  сияқты
                  әрекеттер қолдану деген ұғымда тоқтаймыз.
                         Барлық       ежелгі     өркениеттер        тарихында        жағалауда       орналасқан
                  мемлекеттер алғашқы ауылшаруашылық жерлерін игеру барысында өзендердің
                  табиғи тасқын суларының режимін тиімді пайдаланып отырған. Уақыт өте келе
                  суару  технологиялары  жетілдірелген.  Жалпы  аймақтагы  өзендердің  Ұлы  дала
                  көшпенді  халықтары  мен  егіншілік  өркениетінің  арасындақы  табиғи  шекара
                  бола  отырып,  саяси  роль  атқарып  отырған.  Өткен  ұрпақ  ағыс  жағасындағы
                  елдерді бірлесіп суды пайдалану мәселесіне арқашан ортақ шешімге, келісімге
                  келген.  Суармалы  егіншіліктін  ұлғаюымен  қатар  суға  қатысты  қарым-
                  қатынастарын  реттеу  жүйесі  де  жетілдіріліп,  оның  өзінің  дәстүрлері  мен
                  ережелері  пайда  болған.  Бұл  туралы  атақты  орыс  ғалымы,  Орта  Азияны
                  зерттеуші,  географ  және  саяхатшы  князь  В.И.Масальский  1913  [149]  жылы
                  жарық көрген өз жұмысында былай деген: «Орталық Азиядағы көне дәуірдің
                  барлық ескерткіштерінің ішінде ұзындығы  мен  су  көлемінің  көптігі бойынша
                  өте  үлкен  өзендерді  еске  түсіретін  арналар  түріндегі  алып  суару
                  құрылыстарына  көп  көңіл  бөлінеді.  Дегенмен,  өлі  шөлдерде  тіршілік  пен
                  мәдениет  тудыратын  суармалы  судың  орасан  зор  маңызын  ежелден  суару
                  арқылы  жердің  жандануын  құдайдың  ісі  деп  қарауды  әдетке  айналдырған
                  халық жақсы түсінеді. Күш-жігерімен сусыз жерлер суарылған хандардың және
                  жалпы тұлғалардың естелігі киелілік аурасымен қоршалған және құлшылық ету
                  үшін бейіттеріндегі адал отар деп түсінуге болады».
                         Бұл орайда, Орталық Азия аймағында су мәселесін реттеу үшін мирабтар
                  институтының  қалыптасуы  ерекше  орын  алған.  Мираб  деген  кәсіби  үғым.
                  Мираб  егін  суару  ісін  басқаратын  адам,  яғни  тоған  басы  немесе  су  егістікке
                  бөлуді  реттейтін,  су  ағысын  арық,  канал,  атыз  тоғандыларды  жөндеуді
                  жүргізетін маманды айтады [150].
                         Мирабтықты сол замандағы мемлекеттік қызметте болған және сол үшін
                  жалақы  алып  отырған  тұлғалар  орындаған.  Олар  магистралды  каналдарды
                  жұмысына  жетекшілік  етумен  катар,  жобалаумен  басқа  инжинерлік
                  жұмыстармен  және  халықпен  байланыс  орнатып,  су  мәселенің  шешімін
                  нығайтумен  айналысқан.  Яғни  ежелгі  ғасыр  кезінен  су  ресурстарын  реттеу
                  бағытында орталыктандырылған интереграциялық жүйенің белгілері осы мираб
                  институтынан байқауға болады [151].
                         Ресейдің  Орта  Азияны  «Голодный  Туркестан»  атты  жобасы  іске  асыру
                  кезені  бір  жарым  ғасыры  және одан  кейінгі  Совет үкіметі  кеңестік  кезең  бұл
                  аймақта  су  шаруашылығы  жүйелерінің  бірте-бірте  қалпына  келтірілуіне,
                  жаңаруына және дамуынын тұрақты басқару кезеңі болды. Суару жүйелерінің
                  инфрақұрылымы  құрылды,  ол  әлемнің  басқа  құрғақ  аймақтарындағы  ұқсас
                  жүйелермен салыстырғанда дамыған және техникалық жағынан жетілдірілген.
                         Кеңес  Одағы  кезінде  Орталық  Азия  мемлекеттері  су  ресурстарын
                  неғұрлым  қарқынды  пайдалану  жолына  түсті.  Кеңестік  кезең  мүлде  жаңа


                                                                 59
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64