Page 68 - Диссертация
P. 68
Ресей империясына қосылғаннан кейін Тәжікстан халқы 10,2 есе, ал Өзбекстан
мен Түрікменстан халқы 7,2 есе өсті. Кеңес дәуірінде ауыз сумен қамтамасыз
ету мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынғанымен, 1980
жылдардың соңында Өзбекстанның көптеген елді мекендерінде, әсіресе
Ферғана аңғарындағы ауылдарда, жеке ауыз су көздері болмады.
Мұндай аудандарға су тасымалдау көліктері арқылы жеткізіліп, әр
отбасына күніне небәрі екі шелек су берілуімен шектелді.
1990-жылдары жүргізілген өзбекстандық су саласы мамандарының
бағалауы бойынша, Ташкент облысындағы су ресурстарының әлеуеті мен
тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары 2005 жылға таман айтарлықтай
төмендеуі мүмкін деп болжанған. Солтүстік Тәжікстанның жағдайы тіпті
нашар, мұнда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету деңгейі бүкіл
республика бойынша орташа көрсеткіштен 7 есе төмен.
Мысалы, Дальверзин даласын игеру кезеңінің (1950 жылдардың
ортасынан басталған) барлығында ауыз су тапшылығы өзекті проблема болып
қалды. Дегенмен, ең күрделі антропогендік әсер Арал теңізінің алабында
байқалды, мұнда Қазақстанның Қызылорда облысы мен Өзбекстанның
Қарақалпақстан аумағы шектеседі. 1960 жылдан бері Арал теңізінің жылдам
құрғауы ауыл шаруашылығында суды тиімсіз пайдаланудың салдары ретінде
қарастырылды. Алайда, Арал теңізінің тартылу себептерінің бірі - оның
жанында орналасқан Қарақұм каналының құрылысымен және іске қосылуымен
байланысты болды. КСРО Су ресурстары министрлігінің Түркістан өңіріндегі
сусыз оңтүстік аудандарды сумен қамтамасыз ету мақсатындағы ірі жобалары,
соның ішінде Хауз-Хан мен Копетдаг су қоймаларының салынуы,
Әмударияның негізгі суының көп бөлігінің Қарақұм каналы арқылы шөл дала
құмдарына сіңіп, қайтарылмастай жоғалуына әкелді. Әмудария өзені өзеннің
бойында орналасқан Әмубұхар каналының құрылысынан да елеулі әсерін
сезінді.
Орталық Азия елдерінің миллиондаған тұрғындары таза және қауіпсіз
суға қажетті қол жетімділіктің болмауына байланысты күн сайын үлкен
қиындықтарды жеңуге мәжбүр. Суды тұтынудың артуы, қолда бар су
ресурстарының қысқаруы және климаттық өзгерістер ауыз суға, санитарлық-
гигиеналық қажеттіліктерге және ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға
арналған судың тапшылығы мәселесін одан әрі күрделендіре түседі.
Орталық Азия мемлекеттерінің территориясында су ресурстары
37біркелкі бөлінбеген. Ұзындығы 2337 км-ді Сырдария өзенінің орташа
көпжылдық ағыны жылына 40,6 км құрайды, ал ұзындығы 2540 км болатын
3
Амударияның жылдық ағын мөлшері 62,9 км . Осы өзендер ағынының 80% -
3
дан астамы Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында қалыптасады. Осыған
байланысты өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан елдер трансшекаралық
өзендерде электр энергиясын өндірудің орасан зор әлеуетіне ие. Сондай-ақ, екі
68