Page 58 - Диссертация
P. 58
Сырдариянын онжылдық ағынына сәйкес келеді. Қардың, мұздықтардың еруі
және көп жылдық мұз қату нәтижесінде пайда болған су өңірдің өзен ағысы
теңгеріміндегі кірістің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді. Вегетациялық кезеңде
бұл 74%, ал күзгі-қысқы кезеңде 26% шамамен жетед [145].
Жалпы аймақта 89 мыңнан астам өзендер бар. Дегенмен, ен үлкен, сумен
қамтамасыз ететін Әмурадия мен Сырдария өзендері. Бұл ірі өзендер Әмудария
мен Сырдария және Іле өзендерінің агыстары Арал теңізіне және Балқаш көліне
жетеді.
Географиялық тұрғыдан алатын болсақ Орталық Азияны су бассейндері
бойынша ірі теңіз және көл бассейндеріне бөлуге болады: Олар Арал теңізі
бассейні, Балқаш өзені бассейні, Каспи теңізі және Орал, Эмба өзендері
бассейні, Карское теңізі бассейні.
Адамдардың даралық сипаты оның өмір сүру әрекетінде қоршаған ортаға
бейімделу әдістерімен, қоршаған ортамен қалыптасады. Адамдардың даралық
сипаты оның өмір сүру әрекетінде қоршаған ортаға бейімделу әдістерімен,
қоршаған ортамен қалыптасады.
Орталық Азиядағы барлық төрт ірі теңіз және көл бассейндерін, сондай-
ақ жер асты суларын қоса алғанда, су ресурстарының жалпы көлемі жылына
210 км³-ден 228 км³-ге дейін деп бағаланады [146].
Сонымен қатар, құрғақ климат Орталық Азияның басым бөлігінің
айрықша белгісі болып табылады. Жауын-шашынның аздығы, ерекше құрғақ
ауа, жоғары булану жылдамдығы және күн радиациясы - бұл аймақтың негізгі
сипаттамалары.
Аймақтың су ресурстарын басқару тарихы тек судың адам өміріндегі
маңызымен ғана емес, сонымен қатар өзара тәуелді экономикалық дамудың,
мәдени ықпалдастықтың және су пайдаланудың қалыптасу үрдістерін терең
түсіну тұрғысынан да ғылыми қызығушылық тудырады.
Белгілі мелиоратор В.Духовный және Де Шуттер [147] өз жұмыстарында
ежелгі заманнан бері су мен суару Орталық Азиядағы прогресстің, ғылым мен
мәдениеттің дамуының және қоғамды біріктірудің маңызды факторлары және
қозғаушы күші болған деген тұжырымға тоқтаған.
Қазіргі заманғы көптеген ғалымдардың пікірінше, су ресурстарын
басқару әрқашан жазбаша және жазылмаған ережелер мен өзара сыйластық
принциптерін қатаң сақтауды талап етті. Орталык Азия елдерде суды сақтау
дәстүрлері, ережелері мен әдет-ғұрыптарына, сондай-ақ адамдардың санасына
енгізілген, басты мақсат суды қорғау және бағалау болды. Мұсылман әлемінің
дәстүрлері мен құндылықтарындағы су өмір сүрудің негізі болып танылды
және ешқашан пайда көзі ретінде танылмады.
Бонгард-Левиннын пікірінше, өркениеттің су ресурстарына тәуелділігі
туралы айта отырып, біз «өркениет» терминін «қоғамдық-экономикалық
формацияның қол жеткізген қоғамдық даму және материалдық мәдениет
деңгейі» мағынасында қолданамыз [148]. Ягни, өркениетті өмірге кол жеткізу
58