Page 61 - Диссертация
P. 61

Сурет 8 - Су дипломатиясының негізгі бағыттары

                         Су қоймалары қасиетті қорғалған «ғибадатханалар» ретінде кабылданған
                  және  әрбір  тайпанын  немесе  рудың  міндеті  олардың  артында  құдықтар  мен
                  басқа  да  су  қоймаларын  таза  күйде  және  жақсы  тәртіпте  қалдыру  болды.
                  Оларда  әрқашан  су  көтеретін  резервуарлар  мен  мал  суаратын  науалар  болуы
                  керек еді [155].
                         Көшпелілер  аймақ  шаруашылығының  біртұтас  бөлігі  болды.  Олардың
                  тұрақты болуы және тіршілік әрекеті көшпелі және көршілес халықтың өзара
                  әрекеттесуінің  тұрақты  механизмін  жасады.  Кеңестік  дәуірге  дейін  Орталық
                  Азия  халықтарының  көшпелі  өмір  салты  басым  болған  және  бұл  әлеуметтік-
                  мәдени құрылым ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде сақталған. Тек ХХ ғасырдың
                  30-жылдарына қарай жүргізілген күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру
                  саясаты  нәтижесінде  олар  біртіндеп  отырықшылыққа  мәжбүр  болды.  Алайда,
                  дәстүрлі  көшпелі  мәдениеттің  көптеген  элементтері  қазіргі  күнге  дейін
                  сақталып отыр [156].
                         Орталық Азияның аймағында және көрші елдермен де сауда қатынастары
                  аймақтың және оның су инфрақұрылымының дамуында маңызды рөл атқарды.
                  Батысы  мен  шығысын  байланыстыратын  ұлы  жибек  жолының  пайда  болуы
                  б.э.д. II ғасырға жатады. Бұл сауда жолының ашылуына Хань династиясының
                  қытай  дипломаттары  үлесіне  жатқызады.  Біздің  эрамызға  дейінгі  135  жылы
                  дипломатиялық  елшісі  Чжан  Цян  Орталық  Азияда  он  жыл  саяхат  жасап,
                  Қытайға  оралды.  Ол  Қытай  императоры  Ву  Тиге  (б.з.д.  141-87  жылдар
                  аралығында  билік  құрған)  осы  аймақтың  бай  мүмкіндіктері  туралы

                  мәліметтерді жеткізген [152, 102 б.].
                         Сауда  мен  мәдени  қарым-қатыстан  бөлек,  Ұлы  Жібек  жолы  су
                  шаруашылығын  дамытуда  маңызды  рөл  атқарды.  Көшпелі  халықтардың  рөлі
                  тек  жол  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етумен  шектелмеген,  сонымен  қатар  олар
                  шөлейт және сусыз аймақтар арқылы өтетін сауда және көші-қон жолдарында

                                                                 61
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66