Page 62 - Диссертация
P. 62

суды тиімді ұйымдастыру міндетін де атқарған. Бұл аймақтарда су көздерінің
                  жетіспеуі  жағдайында  олар  су  жеткізудің  логистикасын  жоспарлап,  маңызды
                  тіршілік көздерін қамтамасыз еткен.
                         Осыны  ескере отырып, жергілікті билеушілер  керуен  жолдары бойында
                  сардоба тәрізді су қоймаларын салу ісіне көңіл бөле бастады. Бұл жабық типтегі
                  гидротехникалық  құрылыстар  жауын-шашын  мен  қар  суын  жинауға  арналған
                  болатын.  Арнайы  күзетпен  қамтылған  бұл  құрылымдар  шөлді  және  ыстық
                  аймақтарда тіршілік көзі ретіндегі судың сақталуын қамтамасыз етті. Мұндай
                  су қоймаларының ұзын тізбегі Тянь-Шаньнан Әмударияға дейін созылып орын
                  алғандары  туралы  Орталык  Азияны  зерттеген  ғалымдардың  жұмыстарында
                  келтірілген.  Осы  құрылымдардың  бірі,  Кершмеге  жақын  орналасқан  Рабат
                  Мәлік керуен сарайындағы сардобаны Немцова сипаттайды. Сардоба күмбезді
                  төбесі  бар су  қоймасы  түрінде  салынған. Құрылым XVII ғасырға жатады  деп
                  аталған  [157].  Орталық  Азия  аймағында  ежелгі  суару  технологияларының
                  қалыптасуына  қолайлы  табиғи-географиялық  жағдайлар  ықпал  етті.  Атап
                  айтқанда,  Копетдаг  тау  жотасының  баурайларында  орналасқан  қылқан
                  жапырақты ормандар мен табиғи бұлақтар, өңірдің құнарлы топырағы және сол
                  дәуірдегі  қазіргіге  қарағанда  біршама  жұмсақ  әрі  ылғалды  климат  суаруды
                  дамытуға қолайлы орта қалыптастырды.
                         Андриановтын  пікірінше  [158],  Месопотамия,  Кіші  Азия  және
                  Үндістандағы  ежелгі  өркениет  орталықтарынан  қалған  мадени  мұралар  және
                  тау  ағынымен  суару  тәжірибесі  орта  тас  ғасырында  жабайы  дәнді  дақылдар
                  жиналған  жерлерде  пайда  болды  және  жақсы  ұйымдастырылған  екендігіне
                  далелдемелер  куә  болады.  Келтеминар  мәдениеті  суармалы  егіншілікті
                  дамытуда ілгері қадам болды, бірақ ол қарабайыр суару әдістерінен аса алмады.
                  Келтеминар  мәдениеті  жасанды  суаруды  дамытуда  да  біршама  жетістіктерге
                  жеткен жаңа дақылдармен жалғасты. Бұл мәдениеттердің алғашқысы Әмудария
                  атырауында  (Хорезм  облысы)  академик  С.П.Толстов  [151,  310  б.]  ашып,
                  зерттеген  Тазабагьяб  және  Амирабад  мәдениеттері  болды.  Бұдан  әрі,  суару
                  технологиялары  мен  суармалы  егіншілік  тәжірибесін  дамытудағы  прогресс
                  Орталық  Азиядағы  ірі  өзендердің  бассейндеріндегі  жазықтарда  едәуір
                  аумақтарды  суландыруға  және  игеруге  мүмкіндік  темір  ғасыры  берді.
                  Дингельштадт,  1893  г.  [159]  пікірінше,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  І  ғасырда
                  Зеравшан  мен  Қашқадария  өзендерінің  төменгі  ағысындағы  суармалы
                  жерлердің  жалпы  көлемі  600  мың  гектарға  жетті,  бұл  осы  аймақтағы  қазіргі
                  суармалы алқаптан екі есе көп. Ежелгі ирригациялық жүйелердің қалыптасуы
                  археологиялық  деректерге  сәйкес,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  IV  ғасырда
                  Әмудария, Сырдария және Зеравшан өзендерінің төменгі ағысындағы суармалы
                  жерлердің  көлемі  қазіргі  заманғы  көрсеткіштерден  де  асып  түскен.  Бұл
                  мәліметтер  ежелгі  өркениеттердің  су  ресурстарын  игерудегі  жоғары  деңгейін
                  дәлелдейді.  Темір  дәуірінде  ирригациялық  жүйелердің  дамуы  таулы
                  аймақтардан жазықты алқаптарға – атап айтқанда, аллювиалды және аңғарлық


                                                                 62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67