Page 56 - Диссертация
P. 56
Кесте 8 - Әлемдегі ірі трансшекаралық өзендер және олардың негізгі мәселелері
Өзен Ұзындығы Бассейн Негізгі мәселелер
(км) елдері саны
Ніл 6,650 11 ГЭС құрылысы, су тапшылығы, саяси қақтығыстар
Меконг 4,350 6 Қытайдың су бақылауы, гидроэнергетика
Инд 3,180 4 Үндістан-Пәкістан су дауы, Кашмир
Йордан 251 5 Су тапшылығы, экологиялық мәселелер
Амазонка 7,000 9 Орманды кесу, климат өзгеруі, ГЭС құрылысы
Бұл кесте трансшекаралық өзендердің дипломатиялық және экологиялық
жағдайын қысқаша сипаттайды.
Ніл өзені Африканың ең ұзын өзені және суға тәуелді халық саны
бойынша ең маңызды өзендердің бірі. Египет, Судан және Эфиопия
арасындағы Гранд Эфиопия бөгеті (GERD) құрылысына байланысты саяси
және экологиялық шиеленістер туындап отыр.
Меконг өзені Оңтүстік-Шығыс Азияның басты су артериясы, 6
мемлекетке тәуелді. Қытай өзеннің жоғарғы ағысында үлкен бөгеттер
тұрғызып, төменгі елдерде су тапшылығына себеп болуда.
Инд өзені Үндістан мен Пәкістан арасында тарихи маңызды су ресурсы,
Кашмир мәселесіне тікелей әсер етеді. Инд су келісімі (1960) бар болғанымен,
екі ел арасындағы ГЭС құрылысы мен әскери қақтығыстар жағдайды
ушықтырып келеді.
Йордан өзені Израиль, Палестина және Иордания арасындағы негізгі су
көзі. Су тапшылығы, климаттың өзгеруі, Израиль мен Палестина арасындағы
саяси және суға қатысты даулар.
Амазонка өзені әлемдегі ең ұзын және су көлемі жағынан ең үлкен өзен,
Латын Америкасының тіршілік арнасы. Орманды кесу, климаттың өзгеруі,
энергетикалық және инфрақұрылымдық дамудың экологиялық әсері. Барлық
өзендерде ортақ проблема – су тапшылығы мен су ресурстарын басқаруға
қатысты шиеленістер. Гидроэнергетика (ГЭС) кейбір елдер үшін экономикалық
мүмкіндік болса, кейбірі үшін қауіп ретінде қабылданады. Саяси тұрақсыздық
су дипломатиясына үлкен әсер етеді, әсіресе Инд, Ніл және Йордан
өзендерінде. Амазонка – тек су емес, сонымен қатар климаттық тұрақтылықтың
маңызды бөлігі, сондықтан оның орманды кесу мәселесі жаһандық мәнге ие.
1.4 Орталық Азия мемлекеттерінде су мәселесінде шешу
жолдарының қалыптасуы
Орталық Азия – негізінен екі ірі өзеннің – Әмудария мен Сырдарияның
жоғарғы және төменгі ағысында орналасқан халқы тығыз орналасқан кең
байтақ аймақ.
Орталық Азияның не екенін көрсететін ұғымдық аппаратта «Ішкі Азия»,
«Орталық Азия», «Түркістан» сияқты көптеген терминдер бар және бұл
терминдердің барлығының өзіндік мәні бар. ЮНЕСКО түсініктемесіне сәйкес
56