Page 55 - Диссертация
P. 55
Египет бұл жобаның су ағынын төмендетіп, халықтың тіршілігіне қауіп
төндіретінін мәлімдейді. Судан бұл жобадан пайда табуды көздейді, бірақ су
ағынына қатысты алаңдаушылықтары бар. Қуаңшылық пен су тапшылығы
Нілдің төменгі ағысы елдеріне үлкен қиындықтар туғызуда. Жауын-шашын
өзгерістері ауыл шаруашылығына әсер етеді.
Меконг өзені трансшекаралық су дипломатиясы. Меконг өзені –
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі өзен, оның суы 6 мемлекеттің аумағы арқылы
ағып өтеді. Бұл аймақ судың ауыл шаруашылығы, балық аулау және энергетика
үшін маңыздылығына байланысты трансшекаралық су дауларының ошағы
болып табылады.
Меконг өзенін басқару бойынша келісімдер: 1957 ж. Меконг комитеті –
өзен ресурстарын бірігіп басқару үшін құрылған, бірақ толықтай тиімді
болмады. 1995 ж. Меконг өзеніне арналған келісім – Таиланд, Лаос, Камбоджа
және Вьетнам арасында жасалды, Қытай мен Мьянма оған қосылмады [141].
Инд өзені трансшекаралық су дипломатиясы. Инд өзені – Үндістан мен
Пәкістан арасындағы басты су ресурсы, оның суын ауыл шаруашылығы, сумен
жабдықтау және гидроэнергетика мақсатында кеңінен пайдаланады. Бұл
өзеннің суы екі ел арасындағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.
Инд өзенін басқару бойынша маңызды келісімдер: 1960 ж. Инд су келісімі
– БҰҰ мен Дүниежүзілік банк көмегімен Үндістан мен Пәкістан арасында су
бөлінісі бойынша тарихи келісім жасалды. Батыс ағыстар (Инд, Чинаб,
Джелум) – Пәкістанға берілді. Шығыс ағыстар (Сатледж, Рави, Биас) –
Үндістанға берілді.
Йордан өзені – Таяу Шығыстағы ең маңызды су ресурстарының бірі, ол
Израиль, Палестина, Иордания және Сирия аумақтарынан өтеді. Бұл өзен ауыл
шаруашылығы, тұрмыстық қажеттіліктер және саяси тұрақтылық үшін шешуші
рөл атқарады.
Йордан өзенін басқару бойынша маңызды келісімдер: 1994 ж. Израиль
мен Иордания бейбіт келісімі – Иорданияға 50 млн м³ су беруді бекітті. Осло
келісімдері (1993, 1995) – Израиль мен Палестина су ресурстарын басқару
бойынша уақытша келісімге келді.
Амазонка өзені – әлемдегі ең үлкен өзен жүйесі, оның суы 9 мемлекеттің
аумағы арқылы ағып өтеді. Бұл өзен тропикалық ормандар мен жаһандық
климат тұрақтылығы үшін аса маңызды. Амазонка өзенін басқару бойынша
маңызды келісімдер: 1978 ж. Амазонка Ынтымақтастық шарты (ACTO) –
Бассейн елдерінің экологиялық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. 2018
ж. Амазонканы сақтау жөніндегі декларация – Климат өзгерісіне қарсы
әрекеттерді күшейту мақсатында қабылданды [142].
Төмендегі 8-кестеде әлемдегі ең маңызды бес трансшекаралық өзеннің
сипаттамасы берілген. Әр өзеннің ұзындығы, оған тәуелді елдердің саны және
негізгі су дипломатиясына қатысты мәселелері көрсетілген.
55