Page 53 - Диссертация
P. 53
Мысалы: «Су ресурстарын қорғау үшін Біріккен әйелдер» бастамасы –
Титикака көлінің жағалауында орналасқан Боливия мен Перу қалаларынан 50-
ден астам жергілікті әйелдер көшбасшылары жиналып, су ресурстарын сақтау,
суды тиімді пайдалану және ластануды азайту стратегияларын талқылап,
ақпарат алмасады. Жергілікті балықшылар қауымдастықтары – екі елдің
балықшылары су экожүйесін қорғау, тұрақты балық аулау тәжірибесін енгізу
және заңсыз балық аулауға жол бермеу мақсатында ынтымақтасады [137].
Бұл дипломатия түрі ресми келісімдерге тәуелсіз дамып, су ресурстарын
әділ бөлуге, экожүйені қорғауға және жергілікті қауымдастықтар арасындағы
сенімді арттыруға көмектеседі.
Титикака көлі бассейнінде институционалдық деңгейдегі ынтымақтастық
та дамуда.
- Көпір бағдарламасы – бұл экологиялық құқық орталығы жүзеге
асыратын платформа, оның негізгі мақсаты – судың ортақ пайдалануын
жақсарту үшін мүдделі тараптар арасында диалог орнату;
- Су ресурстарын қорғау жөніндегі өңірлік бастамалар – Оңтүстік
Америкада Эквадор мен Перу арасындағы Сарумилла және Катамайо-Чира
өзендері бойынша ұқсас ынтымақтастық тәжірибесі жүзеге асырылып жатыр.
Бұл модель Титикака көлінің экожүйесін сақтау үшін де қолданылады.
Перу мен Боливия су ресурстарын басқару бойынша ұлттық және
жергілікті деңгейдегі құрылымдар арқылы ынтымақтастықты дамытуға
тырысады. Муниципалдық органдар, жергілікті өзін-өзі басқару институттары
және қоғамдастықтар су объектілерін қорғау мен бірлесіп пайдалану
қажеттілігін түсінеді [138].
Титикака көліндегі ынтымақтастықтың маңызды элементтерінің бірі –
жергілікті халықтың мәдени және тарихи байланыстары.
Бұрын бұл аймақ «Төменгі Перу» және «Жоғарғы Перу» деп аталған. Бұл
халықтарды тіл мен мәдениет біріктіреді, сондықтан олар тарихи тұрғыдан су
ресурстарын ортақ пайдалану бойынша келісімге келуге бейім.
Гибридті су дипломатиясының арқасында Титикака көлінің суын екі ел
ұтымды пайдалану бойынша тәжірибе қалыптастырды. Бұл тәжірибе ресми
келісімдерден гөрі жергілікті қауымдастықтар мен тұрғындардың қатысуына
негізделген.
Титикака көліндегі тәжірибе Орталық Азияның трансшекаралық су
ресурстарын басқару жүйесіне бірнеше маңызды сабақтар бере алады [139]:
- Халықтық дипломатияны дамыту – Орталық Азиядағы Сырдария және
Әмудария өзендерінің бойында орналасқан жергілікті қауымдастықтар
Титикака көлінің тәжірибесін пайдаланып, халықтық дипломатияны күшейте
алады;
- Институционалдық ынтымақтастықты нығайту – Су ресурстарын
тиімді әрі үйлестірілген түрде басқаруды қамтамасыз ету үшін
53