Page 52 - Диссертация
P. 52

көзі және  биіктікте  орналасқан  ең  үлкен  көлдерінің бірі болып  табылады. Су
                  ресурстарын  қорғау  және  тиімді  пайдалану  екі  ел  үшін  де  маңызды,  себебі
                  экожүйелердің  деградациясы,  ластанудың  жоғары  деңгейі,  техникалық
                  ақпараттың жетіспеушілігі, сондай-ақ тиімді басқару механизмдерінің болмауы
                  өңірдегі  негізгі  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Көлді  тек  бір  мемлекеттің
                  басқаруы мүмкін емес, себебі кез келген біржақты шешім екінші тарапқа әсер
                  етеді. Осы себепті Перу мен Боливия көлдің экожүйесін сақтап, оны тұрақты
                  пайдалануға  бағытталған  бірлескен  шараларды  қабылдауы  қажет  (Lasserre,
                  2011).
                         Трансшекаралық ынтымақтастық әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады:
                         -  Жергілікті  деңгейде  –  Шекаралас  қалалардың  тұрғындары,  жергілікті
                  халық, балықшылар қауымдастықтары бірлесіп әрекет етеді;
                         -  Ұлттық  деңгейде  –  Перу  мен  Боливия  мемлекеттік  деңгейдегі  су
                  ресурстарын басқару бойынша келіссөздер жүргізеді;
                         -  Аймақтық  деңгейде  –  Латын  Америкасындағы  трансшекаралық
                  өзендер мен көлдер бойынша тәжірибемен алмасу жүзеге асырылады;
                         -  Халықаралық  деңгейде  –  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  (БҰҰ),  Латын
                  Америкасы мемлекеттері одағы және халықаралық ұйымдар су дипломатиясын
                  дамытуға ықпал етеді.
                         Титикака  көлінде  жергілікті  халықтың  су  ресурстарын  сақтау  үшін
                  белсенді рөл атқаруы ерекше маңызға ие. Жергілікті қауымдастықтар Титикака
                  суының маңыздылығын түсінеді, өйткені олардың тіршілігі көлдің экожүйесіне
                  тәуелді. Су ресурстарын сақтау бойынша түрлі бағдарламалар мен бастамалар
                  іске қосылған (Barraqué, 2004). Титикака көліндегі ынтымақтастықтың ерекше
                  ерекшелігі  –  «Халықтан  халыққа»  (people-to-people)  дипломатиясының  кең
                  таралуы.  Бұл  гибридті  су  дипломатиясы  деп  те  аталады,  себебі  жергілікті
                  қауымдастықтар  су  ресурстарын  сақтауға  қатысты  өзара  келісімге  келіп,
                  ынтымақтастықты мемлекеттік деңгейдегі келісімдерсіз-ақ жүзеге асырады.
                         Төмендегі  7-кестеде  «Титикака  көлі»  бойынша  су  дипломатиясының
                  әртүрлі деңгейдегі ынтымақтастығын сипаттайтын кесте берілген.

                  Кесте 7 - Титикака көлі бойынша ынтымақтастық деңгейлері

                   Ынтымақтастық               Қатысушылар                           Негізгі мақсаттар
                       деңгейі
                   Жергілікті         Жергілікті халық, балықшылар,  Көл экожүйесін сақтау, жергілікті
                                      қауымдастықтар                     деңгейде шешім қабылдау
                   Ұлттық             Перу және Боливия үкіметтері,      Су ресурстарын басқару келіссөздері,
                                      су басқару органдары               ұлттық стратегияларды үйлестіру
                   Аймақтық           Латын Америкасындағы               Тәжірибе алмасу, өңірлік жобаларды
                                      трансшекаралық                     үйлестіру
                                      ынтымақтастық ұйымдары
                                      БҰҰ, халықаралық ұйымдар,          Халықаралық қолдау, заңдық және
                   Халықаралық
                                      халықаралық донорлар               техникалық көмек

                                                                 52
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57