Page 50 - Диссертация
P. 50

энергетикалық емес, экожүйелік, әлеуметтік және экономикалық мәнге ие ортақ
                  ресурс ретінде тануды көздейді.
                         Төмендегі  6-кестеде    Рона  өзенінің  трансшекаралық  басқару  кезеңдері
                  мен олардың ерекшеліктерін сипаттайтын кесте ұсынылды.

                  Кесте 6 - Рона өзені бассейніндегі ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері

                    Кезеңдер              Сипаттамасы             Негізгі елдер      Маңызды ерекшеліктері
                   1-кезең        Гидроэнергетикалық              Франция,        Маршалл жоспары аясында
                   (1870–1970)  қажеттілік үшін                   Швейцария       инвестициялар тартылды.
                                  пайдаланылды. Экологиялық                       Экономикалық мақсат басым
                                  факторлар ескерілмеді.                          болды.
                   2-кезең        Ядролық энергетика дамыды.  Франция,            ЕО Су Директивасы
                   (1970–2000)  Экологиялық қауіпсіздік пен  Швейцария            қабылданды. Атом
                                  нормативтер енгізілді.                          станциялары Ронаға тәуелді
                                                                                  болды.
                   3-кезең (2000  IWRM моделі енгізілді. Су       Франция,        Интеграцияланған басқару
                   жылдан         ресурстары көп мақсатты         Швейцария       моделі қабылданды.
                   бастап)        экожүйелік ресурс ретінде                       Экожүйелік тепе-теңдікке мән
                                  қарастырылды.                                   берілді.

                         Басқару тәжірибесі төмендегідей сипатталады:
                         •  Су  ресурстары  көпфункциялы  тәсілмен,  яғни  энергетика,  ирригация,
                  экожүйе  және  тұрмыстық  қажеттіліктерді  қамтитын  бағыттар  бойынша
                  үйлестіріліп пайдаланылады;
                         •  Трансшекаралық  мониторинг  жүйесі  құрылып,  гидрологиялық
                  деректермен ашық және тұрақты түрде алмасу тетіктері іске асырылған;
                         •  Су  тасқынының  алдын  алу  мен  табиғи  экожүйелердің  тепе-теңдігін
                  сақтау  мақсатында  екі  жақты  келісілген  іс-қимыл  бағдарламалары  жүзеге
                  асырылады.
                         Рона өзені бассейніндегі интеграцияланған басқару моделі Орталық Азия
                  елдері үшін бірнеше маңызды сабақ береді:
                         •  Судың  экожүйелік  маңызын  ескеру  –  тек  экономикалық  емес,
                  экологиялық қауіпсіздікті де басымдыққа алу;
                         •  Біртұтас  басқару  құрылымын  енгізу  –  бассейндік  деңгейде  барлық
                  мүдделі тараптарды қатыстыру;
                         •  Саяси-экономикалық             құралдармен         экологиялық          шектеулерді
                  ұштастыру;
                         •  Төтенше       жағдайлар        мен     климаттық        өзгерістерге      бейімделу
                  стратегияларын әзірлеу.
                         Бұл  кезеңде  Рона  өзенінің  басқару  стратегиясы  мынандай  бағыттарды
                  қамтиды:  Суды  экожүйелік  теңгерімде  ұстау  –  өзеннің  табиғи  жағдайын
                  мүмкіндігінше  қалпына  келтіру;  Өзенді  басқару  құрылымының  күрделенуі  –
                  институционалдық  механизмдер  көбейді;  Трансшекаралық  деңгейде  шешім


                                                                 50
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55