Page 47 - Диссертация
P. 47
Кесте 5 - Колумбия өзені бассейніндегі ынтымақтастықтың негізгі
көрсеткіштері
Келісім кезеңі Мазмұны Стратегиялық маңызы
1909 ж. Шекаралық АҚШ пен Канада арасындағы Трансшекаралық суды
сулар туралы келісім трансшекаралық суларды басқарудың басқарудың халықаралық
(BWT) құқықтық негізі, IJC құрылды құқықтық негізін қалады
1944 ж. ICREB Техникалық зерттеулер мен ортақ Ынтымақтастықтың
комитеті құрылды пайдалану жолдарын анықтау техникалық-ғылыми негізі
қаланды
1964 ж. Колумбия Канада 3 ірі су қоймасын салады, Су тасқынын бақылау,
өзені туралы келісім АҚШ өтемақы төлейді, қосымша энергия өндіру, су сақтау
(DRC) электр қуатын алады міндеттері орындалды
Ұзақ мерзімді тұрақтылық
1964 ж. Келісімнің 254,4 млн доллар аванс, 64,4 млн пен ресурстарды тиімді
іске асырылуы доллар жылдық өтемақы, пайдалану қамтамасыз
(инфрақұрылым) инфрақұрылым салу
етілді
Келісімнің негізгі шарттары:
• Канада өз аумағында Мика, Жебе-Кинлисайд және Дункан су
қоймаларын салуға және оларды пайдалануға міндеттелді;
• Британдық Колумбия (Канада) аумағында Колумбия өзенінің ағын
реттелетін инфрақұрылымын дамыту қарастырылды;
• АҚШ электр энергиясы мен су тасқынын реттеу бойынша өтемақы
түрінде Канададан алынған ресурстарды бірлесіп пайдаланды.
Бұл келісім аясында АҚШ Канадаға:
• Жыл сайын 8,45 млн акр-фут суды сақтау міндеттемесі үшін 64,4 млн
доллар өтемақы төлеуге келісті;
• Колумбия өзенінің канадалық бөлігінде салынған су қоймаларынан
алынатын қосымша электр энергиясын АҚШ-қа жеткізуге мүмкіндік алды.
Бұл келісім кемінде 60 жылға арналған және 2024 жылдан кейін кез
келген ел оны 10 жыл бұрын хабарлап тоқтата алады.
Колумбия өзені бассейніндегі ынтымақтастықтың басты жетістіктері:
• Электр энергиясын өндіру мен бөлу жүйесін оңтайландыру;
• Су тасқынын бақылау арқылы халықты қорғау;
• Өзен ағынын тиімді пайдалану арқылы ұзақ мерзімді тұрақты даму.
Келісім бойынша АҚШ Канадаға бастапқы 30 жылға 254,4 млн доллар
көлемінде аванс төледі. Бұл қаражат Канададағы су қоймаларын салуға
жұмсалды. Келісім бастапқыда АҚШ пен Канадаға теңдей пайда әкелу үшін
жасалды. Екі ел де су қоймаларын пайдаланудың нақты формуласы арқылы
қосымша пайда алу механизмін әзірлей алды [134].
Келісім инвестицияларды қорғау, тарту және сақтау үшін
ынталандырулар мен өтемақы төлеу тетіктерін қамтыды. Мысалы, Канада
келісілген мерзімде су қоймаларын салмаса, ол АҚШ-қа айыппұл төлеуге
47