Page 46 - Диссертация
P. 46

қабылдауын  қамтамасыз  ететін  маңызды  институционалдық  негіз  болып
                  табылады.
                         Дуэро  өзені  бассейніндегі  Испания  мен  Португалия  ынтымақтастығы
                  тұрақты, құқықтық және технологиялық жағынан жетілген трансшекаралық су
                  ресурстарын  басқарудың  үлгісі  ретінде  Орталық  Азияда  институционалдық
                  дамуға,  су  қауіпсіздігіне  және  өңірлік  тұрақтылыққа  қол  жеткізуге  ықпал  ете
                  алады.
                         Колумбия  Бассейні  тәжірибесі.  Колумбия  өзені  бассейні  Солтүстік
                  Американың Тынық мұхиты жағалауында орналасқан және жалпы 680 000 км²
                  аумақты  қамтиды.  Бассейннің  басым  бөлігі  АҚШ  аумағында,  алайда  15%-ы
                  Канадада орналасқан. Бұл бөлікте жалпы су қорының 30%-ы қалыптасады.
                         1942  жылға  дейін  АҚШ  территориясында  Гранд  Кули  секілді  ірі
                  гидротехникалық  құрылыстар  іске  қосылғанымен,  Канада  тарапында  мұндай
                  инфрақұрылым әлі толық дамымаған болатын. Осы себепті, 1944 жылы екі ел
                  бірлесіп  Колумбия  өзенінің  су  ресурстарын  басқаруға  арналған  халықаралық
                  техникалық комитет – ICREB (International Columbia  River Engineering Board)
                  ұйымын  құрды.  Бұл  құрылым  трансшекаралық  су  ресурстарын  көпсалалы
                  мақсаттарда  тиімді  әрі  үйлестірілген  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-
                  инженерлік негіздерді әзірлеумен айналысты. Зерттеу аясында қарастырылған
                  негізгі бағыттар мыналар болды [133]:
                         •  Коммуналдық және тұрмыстық сумен жабдықтау жүйелерін жақсарту;
                         •  Өзен навигациясын қамтамасыз ету және дамыту;
                         •  Гидроэнергетикалық әлеуетті ұлғайту;
                         •  Су тасқынының алдын алу және апаттық қатерлерді азайту;
                         •  Мелиорациялық шараларды жетілдіру;
                         •  Балық  шаруашылығын  сақтау  және  экожүйелік  тепе-теңдікті
                  қамтамасыз ету.
                         1944–1959 жылдар аралығында жүргізілген кешенді зерттеулер Колумбия
                  өзенінің  жоғарғы  ағысында  су  қоймалары  жүйесін  құру  қажеттілігін
                  айқындады.  Бұл  шешімнің  негізінде  АҚШ  пен  Канада  электр  энергиясын
                  өндіру  көлемін  арттыру  және  су  тасқынын  бақылау  мүмкіндігін  алды.
                  Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару мақсатында 1909 жылы екі
                  мемлекет арасында Шекаралық сулар туралы келісім (Boundary Waters Treaty)
                  қабылданып,  оның  негізінде  Халықаралық  Бірлескен  Комиссия  (International
                  Joint  Commission  –  IJC)  құрылды.  Алайда  бұл  органның  Колумбия  өзеніне
                  қатысты өкілеттігі шектеулі болғандықтан, тараптар осы өзенге арналған жеке
                  халықаралық келісім дайындау қажеттігін мойындады.
                         Колумбия  өзеніне  қатысты  келісім  (DRC)  1961  жылы  әзірленіп,  1964
                  жылдың  16  қыркүйегінде  заңды  күшіне  енді.  Бұл  құжат  Канада  аумағында
                  өндірілген  электр  энергиясын  АҚШ  тарапынан  сатып  алу  тәртібін  реттейтін
                  халықаралық құқықтық негіз ретінде қарастырылады (кесте 5).



                                                                 46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51