Page 45 - Диссертация
P. 45
шектелмей, экономикалық өтемақы, ақпарат алмасу және климаттық бейімделу
тетіктерін де қамтиды.
Өтемақы тетігі: халықаралық тәжірибе. 2005 жылы Португалия Дуэро
өзеніндегі белгіленген су ағымының бұзылуына байланысты Испаниядан
өтемақы талап етті. Себеп – су тапшылығының Португалияның
гидроэнергетикалық әлеуетіне тигізген әсері. Испания бұл жағдайды
құрғақшылық кезеңіндегі ерекше жағдайлармен негіздеді. Бұл іс суды
басқаруда икемді келіссөздер мен құқықтық ережелердің үйлесуі қажет екенін
көрсетті (Fernández & Silva, 2019).
Ақпарат алмасу және мониторинг. Дуэро бассейніндегі су ресурстарын
басқару сандық мониторинг жүйелері және институционалдық серіктестік
арқылы жүзеге асырылады:
• Жеке және мемлекеттік сектордың серіктестігі – концессиялық
келісімдермен реттеледі;
• Сандық бақылау жүйелері – бөгеттер мен су қоймаларында тұрақты
орнатылады;
• Төтенше жағдайлар хаттамасы – су тасқыны немесе құрғақшылық
жағдайында шұғыл шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
• Үш айлық есеп алмасу – екі елдің бассейндік басқару органдары
арасында деректер тұрақты түрде беріледі (Martins & Antunes, 2012).
Ынтымақтастықтың институционалдық негіздері:
• Еуропалық Одақтың Су Негіздемелік директивасы (2000/60/EC) екі
елдің су басқару саясатын үйлестіріп отыр;
• Альбуфейр конвенциясы (1998) трансшекаралық өзендер бойынша
заңды негіз қалыптастырды;
• Алайда, жергілікті ұйымдар мен азаматтық қоғамның қатысуы шектеулі
– бұл келісімнің жетілдіру қажет тұсы (Pires, 2020).
Орталық Азияға арналған ұсыныстар. Орталық Азиядағы Әмудария мен
Сырдария бассейндерін басқаруда Дуэро үлгісі келесі бағыттар бойынша үлгі
бола алады:
• Өтемақы тетіктері – суды пайдалану тәртібі бұзылған жағдайда
экономикалық шығындарды өтеу механизмін енгізу;
• Ақпарат алмасу жүйесі – климаттық деректер мен су ағымының
ашықтығын қамтамасыз ету;
• Климаттық бейімделу – өзендердің ағынын маусымдық талдау арқылы
икемді басқару;
• Жеке секторды тарту – гидроэнергетика және ауыл шаруашылығы
салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы су
ресурстарын басқарудағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңызды құралы
болып табылады;
• Көпдеңгейлі басқару тетіктерін енгізу – су ресурстарын тиімді басқару
мақсатында орталық және жергілікті билік құрылымдарының үйлесімді шешім
45