Page 32 - Диссертация
P. 32
Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанның аумақтарын қамтиды
[10, 520 б.] (сурет 3).
Сурет 3 - Трансшекаралық су бассейндерінің таралуы
Ескерту: Автормен [10-12] әдебиттер негізінде дайындалған.
Мұндай күрделі құрылымдарды басқару үшін халықаралық құқықтық
тетіктер қажет. Әлемдік тәжірибеде трансшекаралық су ресурстарын пайдалану
бойынша аймақтық, екіжақты және көпжақты келісімдер жасалып, 1977 жылғы
Хельсинки қағидаттары мен 1992 жылғы Су Конвенциясы секілді нормативтік-
құқықтық актілер негізінде реттеледі [4, 8 б.; 5, 3 б.].
Бұл келісімдер су бөлінісі, сапасы, мониторинг, дерек алмасу, дағдарыс
жағдайларын шешу, сондай-ақ экожүйелерді қорғау және климатқа бейімделу
секілді аспектілерді қамтиды. Тиімді келісілген басқару модельдері болмаса, су
ресурстары саяси шиеленістерге себеп болуы мүмкін. Сондықтан халықаралық
өзен бассейндері ынтымақтастықтың да, қақтығыстың да көзі бола алады.
32