Page 28 - Диссертация
P. 28

қалалар арасында суды әділ пайдалану, өзара келісім мен реттеу механизмдерін
                  қажет етті. Бұл — су ресурстары төңірегіндегі алғашқы саяси-дипломатиялық
                  әрекеттердің көрінісі болды.
                         Сондықтан  да  Месопотамиядағы  суаруға  негізделген  қоғамдарда  су
                  ресурстарын бөлу мен реттеу тәжірибесі тек техникалық шешіммен шектелмей,
                  қоғамдық  басқару  мен  бейбіт  қатар  өмір  сүрудің  негізі  ретінде  қалыптасты.
                  Мұндай  тәжірибе  су  дипломатиясының  тарихи  бастамалары  ретінде
                  бағаланады.
                         Джонс  Хопкинс  университетінің  халықаралық  зерттеулер  мектебінің
                  Орталық  Азия  бойынша  маманы  Фредерик  Старр  [101]  өз  еңбектерінде
                  тарихтағы су өркениеттерінің маңыздылығын атап өтеді. Ол өз зерттеулерінде
                  Орталық Азиядағы су  ресурстарын басқару  жүйелерінің  күрделілігіне  ерекше
                  мән береді.
                         Ғалымның  пікірінше,  аймақтағы  әлеуметтік  қызметтің  басты  қозғаушы
                  күші – су ресурстарын сақтау, бөлу және басқару үшін дамыған инфрақұрылым
                  құруға  және  оны  тиімді  пайдалануға  бағытталған.  Бұл  жүйелер  тек  суарумен
                  шектелмей,  сондай-ақ  қоғамдық  ұйымдардың,  мемлекеттік  құрылымдардың
                  және экономикалық механизмдердің қалыптасуына ықпал еткен.
                         Осылайша,  Орталық  Азияның  өркениеттері  өз  дамуының  негізгі
                  кезеңдерінде  су  ресурстарын  басқарудың  тиімді  жүйелерін  құру  арқылы
                  әлеуметтік  тұрақтылық  пен  экономикалық  өсуді  қамтамасыз  еткен  деген
                  тұжырым жасауға болады.
                         Ресейлік ғалым Михаил Саинов [102] өз еңбектерінде ежелгі Қытайдағы
                  су  дипломатиясының  мысалдарын  сипаттайды.  Қытай  өркениеті  –  адамзат
                  тарихындағы  ең  көне  төрт  өркениеттің  бірі  (Египет,  Месопотамия,  Үндістан
                  және  Қытай).  Алайда,  Қытай  өркениеті  мен  мәдениеті  бүгінгі  күнге  дейін
                  үздіксіз дамып, сақталып келе жатқан бірегей өркениеттердің қатарына жатады.
                         Басқа  өркениеттер  сияқты,  Қытай  өркениетінің  қалыптасуы  да  су
                  ресурстарымен  тығыз  байланысты  болды.  Бұл  аймақта  алғашқы  өркениеттік
                  ошақтар Хуанхэ өзенінің жағасында пайда болды.
                         Біздің  дәуірімізге  дейінгі  III  мыңжылдықтың  соңында  Қытайдың  Шан,
                  Чжоу, Цинь және Хань әулеттері Хуанхэ өзенінің арнасын реттеу мақсатында
                  бөгеттер мен суару каналдарын салғаны туралы тарихи деректер кездеседі. Бұл
                  су тасқынын бақылау, ауыл шаруашылығын дамыту және халықтың суға деген
                  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  жүзеге  асырылған  стратегиялық  шаралар
                  болды. Осылайша, Қытайдағы алғашқы мемлекеттік басқару құрылымдарының
                  қалыптасуында су ресурстарын тиімді басқару шешуші рөл атқарды. Бұл ежелгі
                  Қытайдың су дипломатиясының алғашқы мысалдары ретінде қарастырылады.
                         Ежелгі  Қытайда  негізігінде  әскери  күш  қолдану  арқылы  міселелерді
                  шешу, яғни реализм жолымен шешу тарихтан белгілі. Дегенмен, су мәселесіне
                  қатысты  сұрастар  келіссөздер  арқылы  жүргізілгендігі  туралы  дәлелмелер  аз
                  емес. Яғни, суды реттеу барасына келгенде ежелгі өркениет кезінде әмір етуші


                                                                 28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33