Page 35 - Диссертация
P. 35

Осылайша,         5-ші      суретте      ұсынылған         тарихи      құжаттар        су
                  дипломатиясының  дамуына  негіз  болған  және  қазіргі  халықаралық
                  қатынастардағы су мәселелерін шешудің құқықтық іргетасын қалаған маңызды
                  актілер болып табылады [115].
                         Осы  тарихи  тәжірибелер  трансшекаралық  су  ресурстарын  тек
                  экологиялық  және  техникалық  объект  ретінде  емес,  сонымен  қатар
                  халықаралық  құқық  пен  қауіпсіздік  нысаны  ретінде  қарастыру  қажеттілігін
                  көрсетеді. Халықаралық өзен бассейндері – бір жағынан бейбіт ынтымақтастық
                  алаңы,  екінші  жағынан  қақтығыстардың  әлеуетті  көзі.  Сондықтан  бұл  салада
                  құқықтық,  институционалдық  және  дипломатиялық  құралдардың  үйлесімі
                  басты рөл атқарады.
                         Бүгінде өңірлік және жаһандық деңгейде трансшекаралық су ресурстарын
                  тиімді  басқару халықаралық  құқықтың  басым  бағыттарының  біріне  айналуда.
                  Бұл  саладағы  алғашқы  кешенді  құқықтық  бастамалардың  бірі  –  1966  жылы
                  қабылданған  «Халықаралық  өзен  суларының  пайдаланылуы  жөніндегі
                  Хельсинки ережелері» (Helsinki Rules on the Uses of the Waters of International
                  Rivers)  болып  табылады.  Аталған  құжат  трансшекаралық  су  ресурстарын
                  бірлесіп пайдалану, әділетті бөлу және қорғау қағидаттарын алғаш рет жүйелі
                  түрде  айқындаған.  Бұл  құжат  халықаралық  өзендерді  әділ  және  орынды
                  пайдалану  принциптерін  белгілеп,  су  ағындарын  реттеудің  құқықтық  негізін
                  қалады.  Алайда,  бастапқы  редакцияда  шекаралық  және  жер  асты  сулары
                  арнайы  реттелмеген  болатын.  Кейінірек  бұл  ережелер  кеңейтіліп,  өзендердің
                  әртүрлі  пайдаланылу  формалары  мен  қорғалуы  бағытында  толықтырылды
                  [116].
                         Уақыт  өте  келе  1966  жылғы  ережелер  1992  жылғы  Хельсинки
                  Конвенциясы  негізінде  қайта  қаралып,  кеңейтілді.  «Трансшекаралық  су
                  ағындары  мен  халықаралық  көлдерді  қорғау  және  пайдалану  туралы»
                  Конвенция  (UNECE  Water  Convention)  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы
                  маңызды  халықаралық  құқықтық  құрал  ретінде  мойындалған.  Бұл  Конвенция
                  трансшекаралық  су  объектілерін  бірлесіп  басқару  шеңберінде  судың  сапасы
                  мен  санын  сақтау,  трансшекаралық  ластанудың  алдын  алу,  мемлекеттер
                  арасындағы  деректер  алмасу  және  ортақ  мониторинг  жүргізу  секілді
                  экологиялық және институционалдық мәселелерді кешенді түрде қамтиды [21,
                  12 б.].
                         Трансшекаралық  суларды  басқару  саласындағы  тағы  бір  маңызды
                  халықаралық-құқықтық құжат – 1997 жылғы БҰҰ Конвенциясы. «Халықаралық
                  су  ағындарын  навигациялық  емес  мақсатта  пайдалану  құқығы  туралы»  БҰҰ
                  Конвенциясы  (UN  Watercourses  Convention)  30  жылдық  келіссөздер
                  нәтижесінде  қабылданған.  Бұл  Конвенция  су  ағындарын  әділ  және  ұтымды
                  пайдалану, шекаралас мемлекеттердің суға байланысты мүдделерін үйлестіру,
                  сондай-ақ елеулі залал келтірмеу принциптеріне негізделеді. Аталған құжаттың




                                                                 35
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40