Page 36 - Диссертация
P. 36

әмбебаптығы оны қазіргі уақытта трансшекаралық су қатынастарын құқықтық
                  тұрғыда реттейтін ең ауқымды келісімдердің бірі етеді [5, 7 б.].
                         1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму
                  жөніндегі        конференциясында            қабылданған          Рио      декларациясында
                  трансшекаралық  су  ресурстарын  бірлесіп  басқару  мен  тұрақты  даму
                  қағидаттары  нақты  бекітілді.  Бұл  ұстанымдар  кейіннен  халықаралық  су
                  құқығының  әмбебап  нормаларына  және  аймақтық  келісімдерге  енгізіліп,  су
                  саласындағы         мемлекетаралық           ынтымақтастықтың             құқықтық        және
                  институционалдық негізін қалады [117].
                         Қазіргі  таңда  бұл  халықаралық  келісімдер  қосалқы  хаттамалар  мен
                  қосымша  протоколдар  арқылы  толықтырылып,  тәжірибе  жүзінде  нақты
                  жағдайларға  бейімделіп  отыр.  Осылайша,  халықаралық  су  құқығы  жүйесі
                  мемлекеттерге  трансшекаралық  өзендерді  бейбіт  жолмен  және  өзара
                  ынтымақтастық  негізінде  бірлесіп  басқаруға  құқықтық  алғышарттар  мен
                  нормативтік негіз ұсынады (сурет 6).
                         Төмендегі  6-суретте  мемлекеттің  өз  аумағында  орналасқан  су
                  ресурстарын басқару және оларды пайдалану бойынша егемендік құқығын іске
                  асыру тетіктері келтірілген.
                         Бұл егемендік – халықаралық құқық нормаларына сәйкес, әр мемлекеттің
                  өз су ресурстарына иелік ету және оларды басқару жөніндегі толық құқығын
                  білдіреді.


























                        Сурет 6 - Су ресурстарын реттеудің негізгі халықаралық принциптері

                  Ескертпе: Кестені автор әдебитеттер негізінде құрастырды.

                         Мемлекеттің су ресурстарын игерудегі егемендік құқығы және оны іске
                  асыру тетіктері:
                         1. Тиімді  ұлттық  заңнамалық  нормаларды  қабылдау  –  су  ресурстарын
                  тиімді  пайдалану  мен  оларды  қорғауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  ұлттық


                                                                 36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41