Page 37 - Диссертация
P. 37

деңгейде  кешенді  заңнамалық  базаны  қалыптастыру  –  мемлекеттің  егемендік
                  құқығын жүзеге асырудың негізгі құқықтық тетіктерінің бірі болып табылады.
                         2. Көрші  елдермен  шұғыл  хабарлама  немесе  ақпарат  алмасу  –
                  трансшекаралық өзендердің ағысын, апаттық жағдайларды және судың сапалық
                  өзгерістерін бірлесе бақылау үшін маңызды тетік.
                         3. Су  ресурстарын  реттеу  бойынша  бірлескен  консультациялар  –
                  трансшекаралық сипаттағы кез келген су жобасын іске асыруда көрші елдермен
                  кеңесу арқылы әділеттілік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етеді.
                         4. Әлемдік  бейбітшілік,  даму  және  қоршаған  ортаны  қорғау
                  қағидаттарына  сай  әрекет  ету  –  су  ресурстарын  пайдалану  кезінде
                  халықаралық  құқық  талаптарын  сақтау,  қоршаған  ортаға  зиян  тигізуден  бас
                  тарту  және  өзге  мемлекеттердің  құқықтары  мен  мүдделерін  ескеруге
                  негізделеді.  Бұл  көпжақты  келісімдерге  қатысу  мен  өзара  сенімге  құрылған
                  ынтымақтастықты дамыту арқылы жүзеге асырылады.
                         Бұл  ережелер  су  дипломатиясының  маңызды  негізін  құрайды  және
                  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  мемлекеттің  беделі  мен  сенімді  серіктес
                  ретіндегі рөлін нығайтады.
                         Осымен  қатар, Ауыр  құрғақшылықты және/немесе  шөлейттенуді  бастан
                  өткеріп жатқан елдерде, әсіресе Африкада шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі
                  БҰҰ  Конвенциясы  өз  принциптерінде  (1992  жылгы,  3-бап  қағидаттары)  өз
                  мақсаттарына  қол  жеткізу  және  оның  ережелерін  жүзеге  асыру  үшін
                  мыналарды аталған [118]:
                         -  шөлейттенуге  қарсы  күрес  және  қуаңшылықтың  салдарын  жұмсарту
                  жөнiндегi  бағдарламаларды  әзiрлеу  және  iске  асыру  кезнде  шешiмдердi
                  халықтың және жергiлiктi қоғамдастықтың қатысуымен жүзеге асырады;
                         -  субөңірлік,  аймақтық  және  халықаралық  деңгейде  ынтымақтастық  пен
                  үйлестіруді  жақсарту,  қаржылық,  кадрлық,  ұйымдастырушылық  және
                  техникалық ресурстарды жинақтау қажет екендігі аталған.
                         Бұнымен  қатар,  1991  жылғы  25  ақпандағы  Трансшекаралық  контексте
                  қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы БҰҰ Конвенциясы принциптар ретінде
                  елеулі қолайсыз трансшекаралық әсер етуі мүмкін іс-шараларды жоспарлауды
                  қарастырады.  Яғни  бұл  халықаралық  құжат  шекаралас  мемлекеттер  арасында
                  бір  мемлкеттің  әрекеті  көршілес  мемлекетке  зиян  келтіретін  жағдайда  қысқа
                  мерзімде мүлтіксіз зиянды туындатын әрекет туралы хабарлама жолдауды, ме
                  мемлекетаралық кенестір жүргізуды белгілеген [119].
                         Жалпы халықаралық құқықтық қатынаста су бөлу мәселелерін ретеуге 15
                  астам  су  бөлуді  реттейтін  принцптерін  қалайтын  құжаттар  қабылданған. Осы
                  құжаттар  негізінде  трансшекаралық  өзендері  бар  жаяжайында  орналасқан
                  мемлекеттер  негіз  қалаушы  құжаттар  ретінде  қолданып  келеді.  Халықаралық
                  құқықтық құжаттар тізімі көрінісін келесі кетстеден көруге болады (кесте 2).





                                                                 37
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42