Page 30 - Диссертация
P. 30

Ал     мемлекетаралық          көзқарас      теориясы       Стэнли       Хоффманның
                  еңбектерімен байланысты. Ол ұлттық мемлекетті интеграциядағы басты фактор
                  ретінде  қарастырды  және  мемлекеттің  ұлттық  мүддесі  мен  егемендігі
                  интеграция  процесінің  шекараларын  белгілейді  деп  тұжырымдады.  Хоффман
                  саясаттының «жоғары» деңгейінде халықаралық қауіпсіздік саласы, ал «төмен»
                  деңгейдегі  халықаралық  қатынастарға  экономикалық  өзара  іс-қимыл  мен
                  қоғамдық  қатынастар  басты  рөл  атқаратын  өзге  салалар  жатады  Бұл
                  салалардағы ұлттық мемлекеттердің рөлінің төмендеуі интеграцияны олардың
                  үшін тиімді құралға айналдырды [110].
                         Бұл  теорияның  тағы  бір  көрнекті  өкілі  Дональд  Пучала  интеграциялық
                  процестерді "келісім жүйесі" (concordance system) ұғымы арқылы сипаттайды.
                  Оның пікірінше, Еуропалық Одақ тәрізді құрылымдар күрделі тұтастық ретінде
                  әрекет етеді, мұнда әрбір мемлекет өз маңызын сақтай отырып, негізгі шешім
                  қабылдаушы субъект болып қалады [111].
                         Осылайша,  реалистік  парадигмадан  бастау  алған  интеграциялық
                  құрылымдар  ортақ  мақсаттарға  жету  жолында  мемлекеттердің  дербес
                  мүдделерін  ескере  отырып  қалыптасады.  Бұл  ретте  ортақ  проблемаларды
                  шешуде мемлекеттің ерекше рөлі басым болады.
                         Халықаралық  өзен  бассейндері  –  бірнеше  мемлекеттердің  аумағын
                  қамтитын,  немесе  шекара  сызығы  ретінде  өтетін  табиғи  су  жүйелері.  1978
                  жылдан  бастап  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  халықаралық  тізілімінде  214-тен
                  астам халықаралық өзен бассейні ресми түрде тіркелгені көрсетілген [112].
                         Өзендер  бірнеше  мемлекеттің  аумағын  қамтыған  жағдайда  екі  негізгі
                  құқықтық-географиялық  аспект  ажыратылады: бірінші  жағдайда  –  шекаралық
                  өзендер  мемлекеттер  арасындағы  табиғи  шекара  ретінде  қызмет  атқарады;
                  екінші  жағдайда  –  трансшекаралық  өзендер  бір  елдің  аумағынан  басталып,
                  басқа елдердің шекарасын кесіп өтеді, бұл оларды ортақ пайдалану мен басқару
                  қажеттілігін туындатады [113].
                         Мұндай  өзендерге  қатысты  халықаралық  құқықтық  даулар  көбінесе
                  судың  сапасы,  ағысының  мөлшері,  су  шаруашылығы  құрылыстары  және
                  инфрақұрылымдардың  бірлесіп  ұсталуы  мәселелерімен  байланысты  болады
                  [10, 508 б.].
                         Қазақстандық  сарапшы  Т.Ормышева  су  ресурстарына  байланысты
                  географиялық  қақтығыстардың  ең  кең  таралған  түрі  –  ағыс  бағыты  бойынша
                  жоғары  және  төмен  орналасқан  мемлекеттер  арасындағы  асимметрия  екенін
                  атап көрсетеді. Оның пікірінше, жоғарғы ағыс елдері (мысалы, Қырғызстан мен
                  Тәжікстан) суды ластауы немесе оны шамадан тыс пайдалану арқылы төменгі
                  ағыс  елдеріне  (Қазақстан,  Өзбекстан,  Түрікменстан)  экологиялық  және
                  экономикалық залал келтіруі мүмкін [26, 102 б.].
                         Мұндай  жағдайда  төменгі  елдер  суды  залалсыздандыру  үшін  қосымша
                  шығындарға  ұшырайды,  ал  жоғары  елдер  бұл  салдармен  тікелей  бетпе-бет




                                                                 30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35