Page 34 - Диссертация
P. 34

Сәйкесінше, «трансшекаралық сулар» – екі немесе одан көп мемлекеттің
                  аумағынан  өтетін,  шекара  белгілейтін  немесе  кесіп  өтетін  жер  үсті  және  жер
                  асты  суларын  білдіреді.  Ал  «халықаралық  су  ағыны»  –  бұл  ағысы  мен  су
                  жүйелері  физикалық  жалғасып  жатқан,  әртүрлі  мемлекеттердегі  су
                  объектілерінің біртұтас гидрологиялық жүйесі [United Nations, 1997].
                         Су  ресурстарын  халықаралық  деңгейде  басқару  бойынша  құқықтық
                  негіздердің  қалыптасуы  бірнеше  тарихи  кезеңдерге  бөлінеді.  Төмендегі  5-
                  суретте  көрсетілгендей,  алғашқы  құжаттардың  бірі  —  Рейн  өзені  бойынша
                  навигация  туралы  конвенция  (1868  ж.),  бұл  өзендерді  ортақ  пайдалану
                  ережелерін белгілеген алғашқы халықаралық актілердің бірі болды.





























                      Сурет 5 - Су ресурстарын басқарудағы негізгі тарихи құқықтық құжаттар
                                                           эволюциясы

                  Ескертпе: автормен әдебиеттер негізінде жасалған.

                         Кейіннен Мексика мен АҚШ (1889 ж.), АКШ пен Канада (1909 ж.), Рио-
                  Гранде  (1906  ж.)  және  Колорадо  (1944  ж.)  өзендері  бойынша  екіжақты
                  келісімдер  жасалып,  трансшекаралық  су  ресурстарын  ортақ  пайдалану  мен
                  құқықтық реттеу саласындағы тәжірибе тереңдей түсті.
                         1966 жылғы Хельсинки ережелері халықаралық су құқығының дамуына
                  елеулі серпін беріп, су ресурстарын әділ және тиімді пайдалану принциптерін
                  ұсынды. Бұл қағидаттар 1992 жылғы Хельсинки конвенциясында бекітілді және
                  бүгінгі күнге дейін трансшекаралық су дипломатиясының негізгі халықаралық
                  құжаттарының бірі болып саналады.
                         Ал  БҰҰ-ның  1997  жылғы  Халықаралық  су  ағындары  туралы
                  конвенциясы  су  ресурстарын  бейбіт,  әділетті  әрі  орнықты  пайдалану  мен
                  қорғаудың әмбебап құқықтық тетігін қалыптастырды.


                                                                 34
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39