Page 33 - Диссертация
P. 33

Трансшекаралық  су  ресурстарын  басқару  мәселесі  халықаралық
                  қатынастар  жүйесінде  экологиялық,  экономикалық  және  саяси  өзара
                  әрекеттестіктің  өзегі  болып  табылады.  Су  ресурстары  –  табиғи  жаңаратын
                  болғанымен,  шекаралық  сипаты  оларды  бірігіп  басқаруға  міндеттейтін
                  стратегиялық  ресурсқа  айналдырады.  БҰҰ-ның  есебі  бойынша  қазіргі  таңда
                  әлемде  263  халықаралық  өзен-көл  бассейні  тіркелген  және  олардың  шамамен
                  60% әлемдегі тұщы судың негізгі көзін құрайды [113, 6 б.].
                        Зерттелген 160 шарт пен келісімнің 39 пайызы суды реттеу немесе суды
                  пайдалану  мәселелеріне,  39  пайызы  су  энергетикасына,  9  пайызы  су
                  тасқынының  алдын  алуға,  6  пайызы  өндірістік  суларға,  4  пайызы  кеме
                  қатынасы  мен  суды  ластауға,  1  пайызы  балық  шаруашылығына  негізделген
                  (сурет 4).
































                                Сурет 4 - Құқықтық шарттардың салалық қамту үлестері

                  Ескерту: Автормен [113] әдебит негізінде дайындалған.

                         Халықаралық  өзен  бассейндерінің  негізгі  ерекшелігі  –  ағынның  табиғи-
                  географиялық  сипатымен  қатар,  оны  пайдалану  құқықтарын  мемлекеттердің
                  саяси  ұстанымдары  анықтайды.  Су  ресурстарының  бөлінісі  жиі  геосаяси
                  шиеленістерге  себеп  болатыны  белгілі.  Өз  кезегінде,  бұл  трансшекаралық
                  өзендерге қатысты халықаралық келісімдердің маңыздылығын арттырады.
                         Кейбір  жағдайларда  жаңа  мемлекеттердің  құрылуы  халықаралық  су
                  қатынастарына  әсер  етеді.  Мысалы,  Оңтүстік  Суданның  тәуелсіз  мемлекет
                  ретінде  қалыптасуынан  кейін  Ніл  өзені  орта  ағыс  бөлігінде  толыққанды
                  трансшекаралық  мәртебеге  ие  болды  және  қазіргі  таңда  Египет,  Судан  мен
                  Оңтүстік Судан үшін ортақ су ресурсы ретінде қарастырылады.

                                                                 33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38