Page 25 - Диссертация
P. 25

Дипломатия  деңгейлері  әртүрлі  болғанымен,  қақтығыстарды  шешудің
                  нақты  анықталғаннан  басқа  да  көптеген  әдістері  бар.  Олардың  ішінде  су
                  дипломатиясына ортақ, әмбебап бір анықтама жоқ.
                         Әлемдік  ғалымдар  –  Монтвилл,  Волкан,  Мапендер  және  басқа
                  зерттеушілер  [97]  дипломатияны  үш  негізгі  бағытқа  бөледі.  Бірінші  бағыт
                  «дәстүрлі  дипломатия»  деп  аталып,  мемлекет  басшылары  мен  үкіметтік
                  құрылымдардың ресми қатысуымен жүргізіледі. Бұл – халықаралық келісімдер
                  мен дипломатиялық диалогтардың негізгі формасы.
                         Алайда,  уақыт  өте  келе  бұл  дәстүрлі  тәсіл  екінші  бағыттағы
                  дипломатиямен  толықтырылды.  Бұл  дипломатия  түрін  «Монтвилл»  бейресми
                  өзара әрекеттесу деп сипаттайды. Ол көбінесе дұшпандық топтар немесе ұлттар
                  арасында  стратегияларды  әзірлеуге,  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға  және
                  түрлі дауларды шешуге көмектесетін материалдық ресурстарды ұйымдастыруға
                  бағытталады. Яғни, мұнда азаматтық қоғам, сарапшылар, ғылыми қауымдастық
                  өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар белсенді рөл атқарады.
                         Осылайша,  дипломатияның  әртүрлі  деңгейлері  бірін-бірі  толықтырып,
                  қақтығыстарды  шешудің  кешенді  тәсілін  қалыптастырады.  Бұл  көп  қырлы
                  көзқарас       мемлекетаралық          қатынастарды          реттеуде,      соның       ішінде
                  трансшекаралық су мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.
                         Монтвиллдің  пайымдауынша,  екінші  бағыттағы  дипломатия  бірінші
                  бағыттағы ресми дипломатияны алмастырмайды, керісінше, оған қосымша рөл
                  атқарады. Бұл тәсіл көшбасшыларға өз халқының психологиялық үміттері мен
                  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  дипломатиялық  әрекеттерді  бейімдеуге
                  мүмкіндік  береді.  Екінші  бағыттағы  дипломатияның  басты  мақсаты  –
                  мемлекеттер  арасындағы  ресми  келіссөздерге  негіз  болатын  сенім  мен
                  байланыс орнату.
                         Зерттеушілер  дипломатияның  үшінші  түрін  «бір  жарым  жол»
                  дипломатиясы (Track One and a Half Diplomacy) деп атайды [97, 169 б.]. Бұл –
                  ресми тұлғалар мен бейресми топтар арасындағы өзара әрекеттесуді білдіретін
                  термин.  Оның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  процеске  қатысушы  үшінші  тараптың
                  белгілі  бір  саяси  институттың  ресми  өкілі  болмауы.  Бұл  тәсіл  дәстүрлі
                  дипломатияға  қарағанда  икемдірек  болып,  қақтығыстарды  реттеу  процесінде
                  бейресми құралдарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
                         Дәстүрлі  дипломатия  көбінесе  БҰҰ  немесе  өңірлік  ұйымдардың
                  қатысуымен жүзеге асырылса, бір жарым жол дипломатиясында үкіметтік емес
                  ұйымдар  мен  жеке  тұлғалар  маңызды  рөл  атқарады.  Мысалы,  АҚШ-тың
                  бұрынғы  президенті  Билл  Клинтонның  Кэмп-Дэвид  келіссөздерінде  Ясир
                  Арафат  пен  Эхуд  Барак  арасындағы  делдалдық  қызметі  дәстүрлі
                  дипломатияның  айқын  көрінісі  болса,  Финляндияның  бұрынғы  премьер-
                  министрі Мартти Ахтисаари Ачех қақтығысын реттеу кезінде  бір жарым жол
                  дипломатиясын  тиімді  қолданған.  Бұл  әдіс  тараптар  арасында  сенімділік
                  орнатуға  және  бейресми  арналар  арқылы  қақтығысты  шешуге  мүмкіндік


                                                                 25
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30