Page 26 - Диссертация
P. 26

беретін маңызды дипломатиялық құрал ретінде қарастырылады [95, 310 б.; 97,
                  171б.; 98].
                         Дипломатияның  әртүрлі  бағыттарының  басты  айырмашылығы  –  оған
                  қатысатын  тараптар.  Бірінші  бағыттағы  дипломатия  аясында  келіссөздерге
                  мемлекет  басшылары,  үкімет  өкілдері  және  ресми  органдар  қатысады.  Бұл
                  дәстүрлі дипломатияның негізгі формасы болып табылады және халықаралық
                  деңгейде ресми келісімдер жасауға бағытталған.
                         Екінші  бағыттағы  дипломатия  үкіметтік  емес  ұйымдар,  қоғамдық
                  көшбасшылар,  ғалымдар  және  діни  қауымдастық  өкілдері  арқылы  жүзеге
                  асады. Бұл тәсіл қақтығысты реттеу процесіне тікелей мүдделі емес, бірақ оған
                  ықпал ете алатын бейресми топтардың қатысуын қамтамасыз етеді. Олар көп
                  жағдайда  қоғамдық  пікірді  қалыптастырып,  тараптар  арасындағы  сенімді
                  арттыруда маңызды рөл атқарады.
                         Үшінші  бағыттағы  дипломатия  немесе  «бір  жарым  жол»  дипломатиясы
                  (Track One and a Half Diplomacy) екі жоғарыда аталған тәсілдердің арасындағы
                  көпір қызметін атқарады. Бұл әдісте бейресми қатысушылар мен ресми өкілдер
                  бірлесіп  жұмыс  істейді,  осылайша  дипломатияның  әртүрлі  деңгейлері  өзара
                  тиімді үйлеседі. Сондықтан бұл тәсілді «гибридті дипломатия» деп те атайды,
                  өйткені ол жағдайға байланысты бірінші немесе екінші бағыттағы дипломатия
                  әдістерін икемді түрде біріктіруге мүмкіндік береді [95, 394 б.; 97, 173 б.; 98,
                  169 б.].
                         Халықаралық          қатынастар        жүйесінде        бейресми        және      ресми
                  дипломатиялық тәсілдердің тиімді үйлесімі ретінде сипатталатын «бір жарым
                  жол»  дипломатиясы  қазіргі  заманғы  қақтығыстарды  бейбіт  жолмен  реттеуде
                  маңызды  құралға  айналуда.  Бұл  дипломатиялық  модельдің  ерекшелігі  –
                  келіссөздерге  қатысатын  тараптардың  құрамында  ресми  өкілдермен  қатар,
                  азаматтық  қоғам,  беделді  саясаткерлер  және  үкіметтік  емес  ұйымдар
                  өкілдерінің қатысуы. Мұндай тәсіл әсіресе сенім дағдарысы орын алған күрделі
                  мәселелерде тиімді саналады.
                         Зерттеуші  Мапендере  [99]  өз  еңбектерінде  «бір  жарым  жол»
                  дипломатиясының  әртүрлі  форматта  жүзеге  асырылатынын  атап  өтеді.  Ол,
                  мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің 1996 жылы Гаитиге
                  қатысты  жүргізген  арағайындық  миссиясы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының
                  қатысуымен  ашық  түрде  өтті  десе,  1994  жылы  Солтүстік  Корея  мен  АҚШ
                  арасындағы шиеленісті жағдайды шешу барысында бұл миссия жасырын түрде
                  ұйымдастырылғанын атап өтеді. Бұл дипломатиялық тәсілдің икемділігі – оның
                  тиімділігіне кепілдік беретін басты артықшылықтарының бірі.
                         Мұндай  бейресми  дипломатиялық  үдерістерде  беделге  ие  тұлғалардың
                  қатысуы  ерекше  рөл  атқарады.  Джимми  Картер,  Нельсон  Мандела  сынды
                  әлемдік саясаттағы тұлғалардың келіссөздерге қатысуы – тараптар арасындағы
                  сенімді  нығайтып,  нәтижелі  диалог  орнатуға  мүмкіндік  берген.  Бұл  тәжірибе




                                                                 26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31