Page 18 - Диссертация
P. 18

текетірес  жағдайында  мүмкін  болмаған  бейбітшілік  пен  тұрақтылыққа  қол
                  жеткізу жолдарын түсінуге деген көзқарастарын біріздендіруді талап етті.
                         Сонымен  бірге,  реализм  де,  либералдық-идеалистік  парадигма  да
                  негізінен  қауіпсіздікті  әскерилендірілген  категория  ретінде  түсінуден,  яғни
                  мүмкін  болатын  әскери  емес  қауіптерді  немесе  әскери  емес  құралдар  мен
                  әдістерді қамтамасыз ету құралы ретінде есепке алмай мемлекеттік қауіпсіздік
                  қауіпсіздікті қамтасыз ету мүмкіндіктерін қаралған.
                         Сонымен  қатар,  қауіпсіздікті  «қатты»  және  «жұмсақ»  күш  тұрғысынан
                  қарастыруға болады Халықаралық аренада үлкен ықпалға ие болу үшін әскери
                  және экономикалық артықшылықтарға өту дәстүрлі түрде «қатты» күш ретінде
                  қарастырылды. Ал, коршаған орта факторлары, керісінше, (Baldwin, 1997; Nye,
                  2004)  «жұмсақ»  күшке  және  соның  салдары  ретінде  «төмен»  саясатқа
                  жатқызылды  және  халықаралық  құқық  нормалары  арқылы  бейбітшілікке  қол
                  жеткізу көзделді [53, 54].
                         Теориялық ғылыми тәсілдердің ішінде ең қалыпты көзқарас  Копенгаген
                  мектебінің  өкілі  Барри  Бузан  қауіпсіздік  саласындағы  әйгілі  батыстық
                  ғалымдардың  бірі  ұсынған  тұжырымдамада  ұсынылған.  Басқа  ғалымдардан
                  айырмашылығы,  ол  қауіпсіздіктің  классикалық  тұжырымдамасын  толығымен
                  жоққа  шығармады,  бірақ  оған  жаңа  аспектілерді  біріктіруге  тырысты.  Ол
                  тұжырымдаманы  бес  негізгі  қауіп  түрін  бөлу  арқылы  кеңейтті,  осылайша
                  әскери аспектке назар аударуды біршама әлсіретті.
                         Барри  Бузан  қауіпсіздік  мәселелерін  зерттеуге  инновациялық  және  r-
                  көпжақты көзқарасты ұсынды. Тек әскери-саяси контексте қауіпсіздіктің жалпы
                  қабылданған  тар  концепциясынан  алшақтау  арқылы  Копенгаген  мектебінің
                  ізбасарлары  «белгілі  бір  объектіні  қауіп  ретінде  қабылдаудың  негізгі
                  критерийлері»        туралы      сұрақтарды        қарастырды.       Өйткені,      қауіпсіздік
                  қатерлерінің  айрықша  қасиеттері  болмаса,  қауіпсіздік  ұғымының  өзі
                  тривиальды  болады.  Мысалы,  «су  қауіпсіздігіне»  немесе  «экологиялық
                  қауіпсіздікке» қауіп төндіретін ерекше қасиеттердің болуын анықтау және бұл
                  сұраққа  жауап  табу  үшін  «адамның  өмір  сүруі»  қауіпсіздік  аксиомасынан
                  бастау  керек.  Қауіпсіздік  тұжырымдамасын  кеңейте  отырып,  Бузан  әскери
                  аспектіні  ғана  емес,  сонымен  қатар  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және
                  экологиялық қауіпсіздік салаларын да бөліп көрсетеді [55].
                         Сонымен  бірге  осы  Копеганген  мектебінің  атақты  ғалымы  Оле  Вевер
                  халықаралық  қатынастар  теориясында  тұтастай  алғанда  қауіпсіздік  ұғымы
                  жетіспейді  деп  есептеді  [56],  ал  Барри  Бузан  халықаралық  қатынастардағы
                  қауіп  ұғымының  негізгі  парадоксын  көрсетті.  Буззанның  пікірінше,  қауіп
                  әрқашан  халықаралық  қатынастардың  негізгі  қозғаушы  күші  және  негізгі
                  зерттеу объектісі ретінде қабылданады. Буззанның жұмыстарында 20 ғасырдың
                  1950-1960  жылдарындагы  Вольфер  мен  Герц  сияқты  қалыпты  реалисттердің
                  шығармаларында орын алған қауіп эволюциясын көруге болады.




                                                                 18
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23