Page 14 - Диссертация
P. 14

ғылыми тұжырымдар мен модельдік құрылымдар су саласындағы ұлттық және
                  өңірлік стратегияларды қалыптастыруда қолдануға жарамды. Бұл зерттеу:
                         -  Халықаралық  қатынастар,  өңірлік  зерттеулер,  дипломатиялық
                  қатынастар  мен  су  саясаты  саласында  жұмыс  істейтін  ғалымдар  мен
                  сарапшылар қауымына;
                         - Су саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға
                  қатысы  бар  Сыртқы  істер  министрлігі,  Энергетика  және  су  ресурстары
                  министрлігі,  Экология  және  табиғи  ресурстар  министрлігі  сынды  уәкілетті
                  органдардың мамандарына;
                         -  Су  мәселелеріне қатысы бар дипломатиялық  құрылымдардың, елшілік
                  қызметкерлерінің және өңірлік ұйымдардағы сарапшылардың қызметінде;
                         -  Сондай-ақ,  халықаралық  қатынастар,  аймақтану  және  саясаттану
                  мамандықтары  бойынша  білім  алып  жатқан  бакалавр,  магистрант  және  PhD-
                  докторанттар үшін теориялық-тәжірибелік көмекші құрал ретінде пайдалануға
                  болады.
                         Жоғары  оқу  орындарында  арнайы  курс,  семинар  сабақтары  немесе
                  элективті  пәндер  жүргізу  кезінде  зерттеу  материалы  оқу  үдерісіне
                  интеграциялануға  жарамды.  Сонымен  қатар,  ғылыми  жобалар  дайындау
                  барысында, өңірлік су қатынастарына байланысты аналитикалық баяндамалар
                  әзірлеуде қосымша дереккөз ретінде қолдануға болады.

                         Диссертациялық  зерттеу  нәтижелерінің  апробациясы.  Зерттеу
                  барысында алынған негізгі нәтижелер мен тұжырымдар ғылыми қауымдастық
                  тарапынан  кеңінен  талқыланып,  апробациядан  өтті.  Диссертациялық  жұмыс
                  шеңберінде барлығы 5 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде:
                         •  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  және  жоғары  білім  министрлігінің
                  Ғылым  және  жоғары  білім  саласындағы  сапаны  қамтамасыз  ету  комитеті
                  ұсынған ғылыми журналдарында жарияланған мақалалар;
                         •  Халықаралық  рецензияланатын  ғылыми  басылымдарда,  соның  ішінде
                  Scopus деректер базасына тіркелген журналда жарық көрген мақала;
                         •  Зерттеу  нәтижелері  сондай-ақ  халықаралық  және  республикалық
                  ғылыми-практикалық  конференциялар  мен  форумдарда  баяндалып,  ғылыми
                  ортада талқылаудан өтті.
                         Мақалаларда  Қазақстанның  су  дипломатиясын  жетілдіру  жолдары,
                  Орталық  Азиядағы  трансшекаралық  су  ынтымақтастығының  модельдері,
                  халықаралық  құқықтық  негіздер  және  аймақтық  қауіпсіздікпен  өзара
                  байланысы жан-жақты қарастырылған.
                         Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың жекелеген бөлімдері ғылыми
                  дөңгелек үстелдерде, семинарларда және академиялық пікірталас алаңдарында
                  баяндалып, сарапшылар тарапынан оң баға алды. Бұл зерттеудің практикалық
                  және  ғылыми  маңыздылығын  айқындай  түседі  және  алынған  нәтижелердің
                  шынайы өмірде қолдану мүмкіндігін дәлелдейді.
                         Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы.


                                                                 14
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19