Page 16 - Диссертация
P. 16
1 СУ ДИПЛОМАТИЯСЫ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ
1.1 Су дипломатиясына қатысты теориялық концептуалдық
негіздемелері
Су дипломатиясы – бұл мемлекеттер арасындағы трансшекаралық су
ресурстарын бейбіт жолмен, әділетті және тұрақты түрде басқаруға бағытталған
дипломатиялық және құқықтық әрекеттер жүйесі болып табылады. Бұл ұғым
соңғы онжылдықта халықаралық қатынастар мен экологиялық саясаттың
маңызды бөлігіне айналып отыр. Су дипломатиясы тек ресурстарды бөлудің
ғана емес, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, тұрақты
дамудың және экожүйені сақтаудың тиімді құралы ретінде танылып келеді.
Қазіргі таңда климаттың өзгеруі, ауыз суға сұраныстың артуы, судың
ластануы және планетаның ластануына, су ресурстарына қысымның күшеюіне
байланысты трансшекаралық суларды қалай пайдалану және бөлу туралы
келіспеушіліктер саяси шиеленістерге немесе, ең нашар жағдайда, тіпті
қақтығыстарға әкелуі мүмкін деген пікірлер мен ескертулерді жиі естиміз.
Осы ретте, су – жер бетіндегі ең маңызды стратегиялық ресурстардың
бірі, оған 2 миллиардтан астам адам қол жеткізе алмайтын «көк алтын» деген
ұғыммен келісуге болады. Оның сапасы мен қолжетімділігі климаттың өзгеруі,
халық санының өсуі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, су ресурстарын
ұтымсыз пайдалану сияқты көптеген факторларға байланысты [48].
Жақын болашақта әлемдік су ресурстарына қысым күшейе береді. Егер
әлемді мұнай, металл немесе басқа пайдалы қазбалар сияқты шикізатсыз
елестетуге болатын болса, су мен ауасыз мүмкін емес.
Су ресурстары жаңартылатын және сонымен қатар шектеулі, табиғи осал
ресурс болып табылады, оған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы
мен экологиялық қауіпсіздігі анық тәуелді.
Халықаралық өзен алаптарының ерекшелігі - өзен ағынының
қалыптасуында табиғи-географиялық факторлардың шешуші маңызы бар, ал
оларды пайдалануда геосаяси аспектілер барған сайын маңызды рөл атқарады.
Бір өзен алабында орналасқан елдердің саяси және экономикалық
мүдделері, өзен су айрықтарымен мемлекеттік шекаралары әрқашан сәйкес келе
бермейді. Көрші елдер арасында суды пайдалану бойынша трансшекаралық
өзендерді пайдалану бойынша келісілген саясат болмаған жағдайда бұл
жағдайлар су үшін бәсекелестікке немесе күреске, қақтығыстарға әкелуі
мүмкін.
Өзеннің жоғарғы және төменгі ағысында орналасқан елдер
гидрологиялық жағынан бір-біріне тәуелді ғана емес, сонымен бірге тығыз
экономикалық және мәдени байланыста. Сондықтан трансшекаралық өзен
бассейні елдерінің халықаралық қауіпсіздігі үшін аймақтық қауіпсіздік көбінесе
16